Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 16:00

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылаудың кейбір сұрақтары

   

      Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселесі Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жаһандану, урбанизация, миграция көлемінің артуы, жаңа инфекциялық аурулардың пайда болуы санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың рөлін одан әрі күшейтуде.

      Мемлекеттік бақылау — жұқпалы аурулардың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру және халықтың денсаулығын қорғауда шешуші құрал.

     Мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаттары:

       Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың басты мақсаты — қоршаған орта факторларының адам денсаулығына теріс әсерін болдырмау және инфекциялық, паразиттік аурулардың ел аумағына әкелінуін болдырмау  мен таралуын шектеу.

     Мемлекеттік бақылау келесі міндеттерді қамтиды:

     Санитариялық заңнаманың сақталуын қадағалау.
Объектілердің (балабақшалар, мектептер, медицина ұйымдары, тамақ өндірушілер,         қоғамдық тамақтану орындары, өндіріс орындары және т.б.) санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігін тексеру.

      Эпидемиологиялық қадағалау жүргізу. Аурушаңдықтың динамикасын бақылау, қауіпті аймақтарды анықтау, профилактикалық шаралар әзірлеу.

    Қоршаған орта факторларының сапасын бақылау. Ауа, су, топырақ, азық-түлік өнімдерінің сапасын бағалау, нормативтердің бұзылуының алдын алу.

     Халыққа гигиеналық білім беру. Салауатты өмір салтын ұстану, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі өзекті мәселелерге:

    Мемлекеттік бақылау жүйесі тиімділігін арттыру үшін бірнеше маңызды мәселелерге назар аударуды қажет етеді:

  1. Кадрлық ресурстардың жеткіліктігі. Аймақтар арасында білікті эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер, зертханашылар тапшылығын жою. Бұл мемлекеттік бақылаудың жүргізілуіне әсер етеді.
  2. Материалдық-техникалық база. Зертханалық диагностикада заманауи жабдықтардың жетіспеуі немесе ескіруі инфекцияларды ерте анықтау мүмкіндігін шектейді.
  3. Инфекциялық қауіптердің өзгеруі. COVID-19 пандемиясы мемлекеттік бақылау жүйесіне жаңа талаптар қойды. Бұдан бөлек, климаттың өзгеруі, халықаралық қозғалыстың артуы жаңа эпидемиологиялық қауіптердің пайда болуына себепші.
  4. Құқықтық реттеу. Санитариялық талаптардың кейбір бағыттары халықаралық стандарттармен үйлестіруді қажет етеді. Цифрлық бақылау және қауіптерді болжамдау тетіктерін құқықтық тұрғыдан бекіту де маңызды.
  5. Халықтың санитариялық –гигиеналық мәдениеті. Қоғамда жеке гигиена, вакцинация, қауіпсіз тамақтану мәдениеті әлі де жеткіліксіз. Бұл аурулардың алдын алуда кедергілер тудыратыны анық.


Мемлекеттік бақылауды жетілдіру жолдары:

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті күшейту үшін келесі шараларды жүзеге асыру маңызды:

  1. Цифрландыруды дамыту. Инфекциялық аурулардың электронды мониторинг жүйелерін енгізу, тәуекелге негізделген мемлекеттік бақылау моделін жетілдіру.
  2. Зертханалық қызметті жаңғырту. Жоғары технологиялы зертханаларды дамыту, молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін кеңейту.
  3.  Кадрларды оқыту. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын тұрақты біліктілік арттыру бағдарламаларымен қамту.
  4.  Ашықтық және коммуникация. Халықпен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз ақпараттық жұмыс жүргізу, санитарлық талаптар туралы түсінікті нұсқаулықтар жасау.
  5. Халықаралық ынтымақтастық ДДСҰ, көршілес елдердің санэпидемқызметтерімен деректер алмасуды күшейту.

        Қорыта келгенде - Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы — елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі элементтерінің бірі. Тиімді мемлекеттік бақылау аурулардың алдын алу, қауіпсіз орта құру және қоғамдық денсаулықты сақтау үшін қажет. Қазіргі таңда санитариялық-эпидемиологиялық жүйені жетілдіру бағыттары оның заманауи талаптарға бейімделуіне және халық денсаулығын қорғаудағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.

 

   Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 224 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет