Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025 16:32

Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін қандай құжаттар қажет

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, медициналық қызмет денсаулық сақтау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне жатады. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру рәсімі мен хабарлама жасау тәртібі  Кодекспен (2-параграф) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңымен регламенттеледі.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202- V ҚРЗ Заңына сәйкес, рұқсат алу жеке және заңды тұлғаларға – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, реттелетін кәсіптік қызметпен айналысу құқығына ие жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бірақ өз қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерімен бірдей рұқсаттар алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

 Жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.  Рұқсат құжаттары қызмет басталғанға дейін алынуы керек.

Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарының біріне, қызметтің осы түрін жүзеге асыру жоспарланып отырған объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жатады. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 336/2020 бұйрығының «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері «электрондық үкіметтің» веб-порталдары www.egov.kzwww.elicense.kz арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі – 10 күн. Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 677 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет