Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025 16:31

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі

Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі өте маңызды мәселе  болып табылады. Ойыншықтар балалардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектессе де, оларды таңдағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне назар аудару үшін бірнеше маңызды аспектілірді ескеру керек:

    Материалдар: Ойыншықтар экологилық таза, улы емес және аллергия тудырмайтын материалдардан жасалуы керек. Пластик, ағаш, мақта металл сияқты материалдар қауіпсіз болуы тиіс. Ойыншықтар зиянды бояулар мен химикаттардан таза болуы керек.

      Құрылымы (пішіні): Ойыншықтардың құрылымы баланың жарақаттануына әкелмеуі керек. Мысалы, өткір бұрыштар, ұсақ бөлшектер немесе өздігінен бөлінетін бөліктер баланың жұтып қоюына немесе жарақат алуына себеп болуы мүмкін.

    Жас ерекшелігіне сай болуы: Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болуы тиіс. Кішкентай балаларға арналған ойыншықтарда ұсақ бөлшектер болмауы керек, себебі олар баланың тыныс жолдарына өтіп кетуі не болмаса бала жұтып қоюы мүмкін. Жас балаларға арналған ойыншықтар көлемі бойынша ірі  әрі жеңіл болуы керек.

     Сертификаттар мен стандарттар: Ойыншықтарды сатып алғанда қауіпсіздік сертификаттарының бар екеніне көз жеткізу қажет. Мысалы, Еуропалық Одақтың СЕ маркасы немесе басқа халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек.

      Тұрақтылық пен сапа: Ойыншықтардың сапасы жоғары және ұзақ уақыт қолдануға шыдас беретін болуы керек. Сапасыз ойыншықтар тез сынып, баланың жарақат алуына себеп болуы мүмкін.

   Осы факторларды ескере отырып, ойыншықтарды дұрыс таңдау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

         Қазақстанда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігін реттеу бірнеше заңдар мен стандарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл реттеудің мақсаты-балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау. Негізгі нормативтік құжаттар мен бақылау механизмдері мыналар:

    Техникалық регламенттер: Қазақстанда балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының және кедендік одақтың техникалық регламенттері арқылы реттеледі. Ойыншықтар үшін арнайы техникалық регламенттер мен стандарттар бар, олар өнімнің қауіпсіздігін, сапасын және экологиялық талаптарын реттейді.

Бұл саладағы реттеумен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар айналысады, оның ішінде денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі де бар.

     Сертификаттау және сәйкестік туралы декларациялар: Ойыншықтар еліміздің мемлекеттік стандарттарына сәйкес болуы тиіс. Өндірушілер мен жеткізушілер ойыншықтарды сатылымға шығармас бұрын олардың сәйкестігіне сертификат алып, тауардың сапасына кепілдік береді. Оған сәйкестік сертификаты және талаптарға сәйкес келетін декларация берілуі мүмкін.

      Еуропалық стандарттар мен халықаралық талаптар: Қазақстан халықаралық стандарттаға бағынады. Бұл әсіресе балалар ойыншықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды, себебі көптеген балалар ойыншықтары бүгінгі күнге сырттан әкелінуде. Мысалы, ойыншықтардың Еуропалық Одақтың En 71 стандартына сәйкес болуы қажет. En 71 стандарттары ойыншықтардың физикалық және химиялық қасиеттерін, сондай-ақ олардың балаларға зиянсыз болуын реттейді.

    Мониторинг және бақылау: Қазақстанда балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне бақылау жүргізетін арнайы мемлекеттік органдар бар. Олар өнімдерге тексерістер жүргізіп, стандарттарға сай келмейтін өнімдерді нарықтан алып тастауға міндетті. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада балалар ойыншықтарының сапасын бақылауда маңызды рөл атқарады.

    Қорытындылай келе,  Қазақстанда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігін реттеу үшін әртүрлі заңдар мен стандарттар қолданылады. Бұл шаралар балалардың денсаулығын қорғауға және сапасыз өнімдердің нарықта таралуына жол бермеуге бағытталған.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 541 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет