Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025 16:25

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Су тасқыны - бұл табиғи апат, адам өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар экожүйеге үлкен зардаптар әкелетін құбылыс. Су тасқыны кезінде түрлі жұқпалы аурулардың таралуы қауіпі жоғарлайды, өйткені тұрғындар пайдаланып отырған ауыз су көздері ластануымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын полигондар, аулалық дәретханалар, сарқынды суларды жинайтын шұңқырлар, мал өлекселері тасталған шұңқырлар мен көмінділері ағынды сумен шайылып шығып, қоршаған ортаға жайылуы мүмкін.  

    Мұндай апаттардың алдын алу үшін азаматтар мен билік органдары бірлесіп алдын алу шараларын қолға алуы керек.

   Су тасқынынан кейінгі гигиеналық шаралар:

    Суды тазалау: Егер су тасқынына ұшыраған аймақта тұратын болсаңыз, суды ішу алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе сүзгіден өткізіңіз.

    Қол жуу: Қолды жиі және мұқият сабынмен жуу, әсіресе тамақтанар алдында және дәретханаға барудан кейін.

    Азық –түлікті сақтау: Су тасқыны кезінде азық-түлікті таза жағдайда сақтау өте маңызды. Ластанған немесе сумен тікелей байланысқан азық-түлікті пайдаланудан бас  тартыңыз.

    Су тасқыны кезінде ауыз сумен қамтамасыз ету:

     Су тасқыны кезінде әдетте тұрғындар қолданып жүрген ауыз су көздері  ластанады, салдарынан ауыз суға деген сұраныс артады. Бұл жағдайда суды тазалау әдістерін қолдану өте маңызды (суды сүзу немесе қайнату арқылы қауіпсіз ету).

      Бөтелкедегі су. Су тасқынынан кейін бөтелкедегі өндіріс жағдайында құйылған суды пайдалану, тек оның таза екендігіне сенімді болсаңыз.

  Жұқпалы аурулардан қорғану:

      Су тасқыны кезінде вирустық және бактериялық жұқпалы аурулардың таралуы  жиілеуі  мүмкін.  Осыған орай мынандай сақтық шараларды ұстану маңызды:

     Жіті ішек инфекциялардан қорғану: ластанған суда ішек инфекциялары, дизентерия, тырысқақ сияқты аурулар таралуы мүмкін. Сол үшін ауыз судың тазалығына ерекше назар аударыңыз.

     Жұқпалы тері ауруларынан сақтану: су тасқыны кезінде тері аурулары мен жарақаттар жиі кездеседі. Егер теріде жарақат пайда болса, оны таза сумен жуу және зарарсыздандыру өте маңызды.

      Безгек пен денге қызбасы. Тасқын нәтижесінде тұрып қалған су қоймаларында масалар көбейіп, безгек пен денге қызбасы сияқты жұқпалы аурулардың таралуы қауіпі бар.

     Сол сияқты, су тасқыны кезінде сібір жарасы қоздырғыштары бар көмінділері аршылуы мүмкін. Ол кезде сібір жарасынан өлген малдаң өлекселері бұрындары көмілген жерден топырқапен бірге шайылып, ашық жерге шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда ауру шақыратын бактериялар қоршаған ортаға таралып, жаңа жұқпалы аурулардың ошағын тудыруы мүмкін.

     Вакцинация және медициналық  көмек:

    Су тасқынынан кейінгі аймақтарда жұқпалы аурулар таралуы мүмкін. Бұл жағдайда тұрғындарды қорғау мақсатында алдын алу вакцинациясын жасау өте маңызды. Мысалға мына ауруларға қарсы:

-Вирустық А және Е гепатиті;

-Сіреспе (столбняк);

-Тырысқақ (холера);

-Қызылша мен қызамық.

     Су тасқыны - бұл тек материалдық шығындармен шектелмей, түрлі жұқпалы аурулар мен басқа да денсаулық мәселелерін тудыруы мүмкін, айтып келмейтін ауыр апат. Бірақ алдын алу шараларын дұрыс қабылдау арқылы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын азайтуға болады. Сақтық, дұрыс гигиеналық шаралар және қажетті медициналық көмек көрсету арқылы тұрғындар өздерін және жақындарын түрлі өмірге қауіпті жағдайлар мен жұқпалы аурулардан қорғауы мүмкін.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 498 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Туляремия Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет