Дүйсенбі, 24 Қараша 2025 15:49

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан туындаған жұқпалы аурулар, оның ең көп тараған түрі - дерматомикоздар. Сондай –ақ инфекия жұққан беткі қабаттармен немесе заттармен жанасу арқылы адамнан адамға берілетін ауру. Бассейндер, сауналар немесе киім ауыстыратын бөлмелер сияқты қоғамдық орындарда инфекция тез жұғуы мүмкін.

     Жұқпа көзі – инфекцияны жұқтырған үй және ауылшаруашылық жануарлар (ит, мысық, ұсақ мал, ірі қара) немесе ауру адам саналады.

      Аурудың белгілері көбінесе денеде, бас терісінде және тырнақтарда пайда болуы мүмкін. Ауру біртіндеп қызарған дақтардың пайда болуынан басталып,  кейін көптеген ошақтарға өтеді.

       Дерматомикоз науқас адаммен немесе жануармен тікелей байланыста болған кезде, сондай-ақ науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, орамал, төсек-орын) пайдаланған кезде жұғады.

       Жиі жағдайда қабыну белгілері терінің ашық жерелерінде, бастың шаш өсетін бөлігінде, сыртқы жыныс органдарында, өкше терісінде дамиды.

     Тері мен бастың трихофетиясы көбіне балалар мен жасөспірімдерде байқалады.  

        Аурудың алғашқы белгілері науқаспен (қолданған затымен) немесе жануармен қарым қатынастан кейінгі бір апта ішінде дами бастайды.

 

   Тері саңырауқұлақ ауруларының негізгі белгілері:

 - теріде гиперемиялық (қызарған) аймақтардың пайда болуы;

 - аяқ-қолдың тырнақ пластиналарындағы патологиялық өзгерістері;

- теріде қызыл дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;

- терідегі көпіршіктердің пайда болуы;

- дененің қышуы және қызуы.

            

   Тері саңырауқұлақ ауруларының алдын алу мен сақтық шаралары:

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау, отбасының әрбір мүшесінде жеке гигиена заттарының болуы;

- қоғамдық орындарда жалаң аяқ жүрмеу;

- қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

- бөтен адамдардың бас, аяқ және іш киімдерін кимеу, сүлгісін пайдаланбау;

- іш киімдеріңіз бен аяқ киімдеріңізді таза ұстау;

- мейлінше табиғи матадан тігілген киімдерді кию;

- бөтен адамдардың маникюрге арналған заттарын, тарағын, шаш қыстырғыштарын пайдаланбау;

- аулаңыздағы үй және ауылшаруашылық жануарлардың денсаулығын үнемі қадағалап, тері жабындысын саңырауқұлақтық зақымдануға қарап -тексеріп отыру.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 160 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет