Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025 21:52

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін қан сорғыш жәндіктер — биттердің әсерінен пайда болатын жұқпалы паразиттік ауру. Бұл ауру қоғамдық-санитарлық маңызы бар аурулар қатарына жатады және көбінесе тұрмыстық, әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты.

       Педикулездің қоздырғыштары — «Pediculus humanus»  түріне жататын паразиттік жәндіктер. Адам организмінде биттердің үш түрі тіршілік етеді: бас биті (Pediculus humanus capitis), киім биті (Pediculus humanus corporis) және  қасаға биті (Pthirus pubis). Бас биті шашты бөлікте өмір сүріп, жұмыртқаларын (сіркелерді) шаш түбіне салады. Киім биті киімнің ішкі тігістерінде мекендейді және теріге уақытша шығып, қанмен қоректенеді. Қасаға биті жыныс аймағындағы түктерде, кейде кірпік пен қасты да зақымдауы мүмкін.

       Педикулез барлық жастағы адамдар арасында таралуы мүмкін, алайда көбіне мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездеседі. Ауру маусымдық сипатқа ие емес, жыл бойы тіркеледі. Жұғу жолдарына тікелей қатынас (бастың бастың түйісуі), ортақ жеке гигиена заттарын (тарақ, сүлгі, бас киім) пайдалану, сондай-ақ мектеп, интернат, лагерлер мен жатақхана сияқты жабық мекемелерде бірге тұру жатады.

       Педикулездің негізгі клиникалық белгілеріне — терінің қатты қышуы, қызару, тырналған жаралар (экскориациялар), сондай-ақ шаштың түбіне бекітілген сіркелердің көзге көрінуі. Ұзақ уақыт бойы емделмеген жағдайда екіншілік бактериалды инфекциялар қосылып, дерматит, фурункулез сияқты асқынулар туындауы мүмкін.

      Диагностикасы негізінен клиникалық тексеруге негізделеді. Арнайы тарақтармен немесе жарық түсіретін құралмен тексеру кезінде биттер мен сіркелер анық көрінеді. Кей жағдайларда үлкейткіш әйнек (лупа) қолданылады.

      Емдеу кешенді түрде жүргізіледі және бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте педикулоцидтік препараттарды қолдану арқылы. Препараттарды нұсқаулыққа сәйкес қолданған жөн және 7–10 күннен кейін емді қайталау ұсынылады.  Екіншіден, жіңішке тарақ көмегімен өлі биттер мен сіркелерді механикалық жолмен алып тастау қажет. Қажет болған жағдайда шашты қысқарту немесе қырып тастау тиімді. Үшіншіден, барлық киім-кешек пен төсек жабдықтарын жоғары температурада жуу, үтіктеу немесе оқшаулау (полиэтилен пакетке салып, 10–14 күнге жабу) қажет.

       Педикулездің алдын алу — эпидемиологиялық бақылаудың маңызды бөлігі. Алдын алу шараларына жеке бас гигиенасын сақтау, балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық тексеру, әсіресе ұйымдасқа ұжымға баратын (мектеп, бала бақша т.б.) балаларды қарап тексеру, ортақ гигиналық заттар (тарақ) мен бөтеннің киімдерін (бас киім, іш киім т.б.) пайдаланбау, ауру анықталған жағдайда бірден оқшаулап, ем жүргізу және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

      Қорытындылай келе,  педикулез — медициналық және әлеуметтік маңызы бар паразиттік ауру. Ол адамның өмір сүру сапасын төмендетіп қана қоймай, жұқпалы аурулардың екіншілік көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан бұл аурудың алдын алу мен дер кезінде емдеу — қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

 

.

Оқылды 925 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет