Бейсенбі, 07 Тамыз 2025 10:11

Парентеральды вирустық гепатиттердің алдын алу туралы

 Парентеральді жұқпалар,  ол – қан мен адам ағзасындағы басқа да сұйықтықтары (сілекей, қан сары суы, шәуіт т.б.) арқылы жұғатын жұқпалы аурулар тобы. Оның ішінде эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті саналатыны адам иммунитеті тапшылығы вирусы (АИТВ) мен вирустық В және С гепатитттер саналады.

      Парентеральды жолмен жұғатын вирустық гепатиттер  (В, С, D  және басқа гепатит) ол бауырдың қабынуымен өтетін жұқпалы ауруы.

                                Аурудың негізі белгілері:

-әлсіздік, тез шаршағыштық;

-жүрек айну, құсу;

-үлкен дәреттің бұзылуы (іш өту);

-оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі;

-тәбеттің болмауы;

-қызба (лихорадка);

-кіші дәреттің түсінің қараюы;

-көз бен тері жабындысының сарғаюы;

-үлкен дәреттің түссізденуі (ағаруы);

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әлемде 400 млн адам созылмалы вирустық гепатит вирусымен инфицирленген. Гепатит вирусымен шақыртылған бауыр ауруынан  жыл сайын әлемде 1 ден 2 млн - ға дейін адам көз жұмады.        Әлемдегі барлық өлімдердің арасында гепатит вирусымен шақырылатын өлім жағдайлары 9-шы орын алады.

        Инфекция адамның қан және басқа дене сұйықтықтары (қан сары суы, жыныстық бөлінділері) арқылы тері мен шырышты қабаттардың тұтастығы бұзылған кезде жұғады.

        Ауру шақыратын вирус - инфекция  көзінің (науқас адам не тасымалдаушы) барлық биологиялық сұйықтықтарында кездеседі: қан, ұрық, қынап секрециясы. Аз мөлшерде - сілекейде, несепте, ананың емшек сүтінде, теріде, өтте болады. Инфекцияны жұқтыру үшін кейде тіпті көзге көрінбейтін қанның ең кішкентай тамшысы жеткілікті.

         Қоршаған ортадағы вирустардың тұрақтылығы өте жоғары – бөлме температурасында түрлі заттардың беттерінде вирус 3 айдан 6 айға дейін, мұздатылған күйде – 15 тен 25 жылға дейін тіршілік қабылетін сақтай алады.

        Парентеральды вирустық гепатит инфекциясының көзі - жедел, созылмалы гепатитпен ауыратын адам немесе аурудың клиникалық көріністері жоқ вирус тасымалдаушы адам саналады.

         Парентеральды вирустық инфекциялар – көп рет қолданылатын құралдарды өңдеуде (дезинфекция, стерильдеу т.б.) бұзушылықтар болса және осы рәсімдерді жүргізу кезінде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралары сақталмай адамның тері жабындысы мен сілемейлі қабықтың тұтастығын бұза отырып жүргізілетін  емдеу-диагностикалық шаралар (инъекциялар, стоматологиялық және гинекологиялық емшаралар т.б.) мен түрлі косметологиялық шараларды (татуировка, құлақ тесу, маникюр мен педикюр т.б.) жүргізу нәтижесінде жұғуы мүмкін.     

          Инфекцияны жұқтырудың негізгі жолдары:

-вирус жұқтырған анадан балаға жүктілік және босану кезінде;

-кездейсоқ жыныстық қатынас арқылы;

- тұрмыстық қарым - қатынас арқылы: оның ішінде науқаспен ортақ сүлгілер, ұстара және маникюр керек-жарақтарын және басқа да жеке гигиена заттарын бірлесіп пайдаланған кезде;

- емдеу-алдын алу ұйымдарында әртүрлі медициналық манипуляциялар мен операциялар және стоматологиялық қызметтерді алу кезінде  медициналық жабдықты зарарсыздандыру (стерильдеу) режимі бұзылған жағдайда;

- тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде косметикалық процедуралар жүргізу, қырыну, маникюр, педикюр, пирсинг, татуировка салу және тері жамылғысы мен шырышты қабықтарға зақым келтірумен байланысты басқа да манипуляциялар жасау, пирсинг (көбінесе арнайы бекітілмеген, бейімделмеген жерлерде – қызмет көрсететін орындарда жеке үйлерде т.б);

   - қан мен қан алмастырғыштарды құю кезінде, ағзалар - мүшелер мен тіндерді алмастыру (трансплантациялау) кезінде;

  -  есірткі және психотроптық заттарды парентеральді енгізу кезінде бұл берілу жолы С гепатитінің таралуында ең үлкен қауіп болып табылады;

     Осы инфекциялардан сақтану үшін алдын-алу бойынша жалпы ұсыныстарды сақтау қажет: Алдын-алу шараларының маңыздылығы аз емес шарттарға мінез-құлықтық шаралар саналады:

-oл кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу

- тамыр ішілік есірткіні қолданудан сақтану  

-косметикалық процедураларды (татуировкалар, пирсингтер, маникюр, педикюр) осындай шараларды жүргізуге рұқсаты мен лицензиясы бар арнайы мекемелерде алу,

 - әр адамның өзіне тиесілі қана жеке гигиена заттарын пайдалану: ұстара және маникюр құралдарын, қайшыларда, тарақтарды, жөкелерді, сүлгілер.

          

            «В» гепатиті вирусын жұқтырудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың негізі «вакцинация» болып табылады.  Вакцинацияның толық курсы 3 екпеден тұрады. Бірінші вакцина нәрестенің туыла салысымен  өмірінің алғашқы 12 сағатында жасаласа  (ол вирустың анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында)  екінші егу баланың 2 айында және 4 айында жасалады.  Вакцинация курсы үш екпеден тұрады, ол вакцина  «В» вирустық гепатитін жұқтырудан сенімді қорғаныс береді.

       С, D вирустық гепатиттеріне және парентеральды гепатиттің басқа түрлеріне қарсы вакциналар бүгінгі күнге әзірленбеген.

                    Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыздар!

 

                         Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

                                         басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 327 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет