Бейсенбі, 19 Қараша 2020 11:29

Көмекке келер 11 дәм

Көмекке келер 11 дәм Сурет интернеттен алынды

Ішіп-жеген асымыз ағзамызда өз «қалдықтарын» қалдырады. Ал оны уақытылы тазартпасақ, түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Олай болса, ағза тазалауға таптырмас 11 дәммен танысалық.

Миндаль
Оның құрамында қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстауға көмектесетін кальций, магний мен ағуыздар көп. Ал миндаль құрамындағы май ағзадан холестеринді шығарып, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмек болады.

Авокадо
Ол холестерин мөлшерін азайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамындағы глютатион 30 түрлі канцрогендердің (организмде қатерлі ісік ауруларын және қатерлі, қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар) жолын кеседі.

Қызылша
Минералдарға бай қызылша инфекциямен жақсы күреседі. Сонымен қатар қан құрамы мен бауырды тазалайды. Аңызға сенсек, Афродита әдемілігін сақтап қалу үшін қызылша жеген көрінеді.

Көкжидек
Оның құрамында ауыру сезімін жоятын табиғи аспирин бар. Сондай-ақ көкжидек антибиотиктер сияқты қуық жолдарындағы бактерияларға қарсы тұрып, инфекцияның таралуына кедергі жасайды.

Орамжапырақ
Оның құрамындағы көптеген антиоксиданттар бауырға қауіпті заттардан арылуға көмектеседі. Сондай-ақ ол ішектің қозғалыс функциясын арттырып, асқорыту жүйесін тазартады. Темекі түтінінің зиянын азайтады.

Мүкжидек
Ол антибиотик, әрі вирусқа қарсы дәрілердің ролін атқарады, қуық жолдарын түрлі бактериялардан тазартады.

Зығыр дәні мен майы
Олар омега-3-ке бай. Демек, ағзаға таптырмас тазарту құралы болып саналады. Сондай-ақ зығыр дәні мен майы ми жұмысын жақсартады.

Сарымсақ
Ол қауіпті бактериялар мен паразиттерді, қандағы, ішкі органдар мен тыныс жолдарындағы вирустарды жояды. Артериальді қысымды түсіреді.

Бұршақ тұқымдастар
Үрмебұршақ, жасымық, ноқат, өзге де бұршақтар холестерин мөлшерін төмендетеді. Ішек жолдарын тазартып, қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар ағзаны онкологиялық аурулардан қорғайды.

Лимон
Ол ағзадағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті реттейді. Ал құрамындағы көп мөлшердегі С және өзге де дәрумендер бауырды тазалайтын глютатионның көп мөлшерде түзілуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ рактың алдын алып, ағзаның ластануына жол бермейді.


Балдырлар
Олар ағзадағы ауыр металдар мен радиоактивті қалдықтарды жояды. Сондай-ақ балдырлардың түрлі минералдар мен микроэлементтерге бай екені көп жағдайда ескеріле бермейді.

Дайындаған Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1488 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет