Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 12:41

Тіл үйрену өз қолымызда!

Мемлекеттік тілді үйренудің ең жақсы әдісі-тәсілі – қазақ тілінде сөйлейтіндермен қарым-қатынас жасау, яғни ортаны табу, қалыптастыру. Мен  Абай облысы (бұрынғы Семей облысы), Алакөл ауданында дүниеге келдім. Онда негізінен қазақтар тұрады. Мен оқыған кезде орыс сыныптары 1990 жылы түгел дерлік жабылып қалды. Содан кейін облысқа барып, интернатта оқудың қажетілігі туындайтын. Бірақ мен өзіме ұнайтын мектепте қалуды жөн көрдім. Алдыма қазақ сыныбына ауысып, күнде 5-10 сөзден  қазақ тілінде үйренуім керек деп үлкен мақсат қойдым. Мемлекеттік тілді үйренуге менің Маржан есімді құрбым көмектесті.  Таңқаларлығы, бір ауыз орыс тілін білмейтін құрбыммен бір-бірімізді бірден түсіне бастадық. Сөйтіп ол орыс тілінде, мен қазақ тілінде сөйлейтін болдық. Егер сіз тіл үйренуге шынымен қызығушылық танытсаңыз ғана кез келген тілді меңгеріп, нәтижеге жетуіңізге болады.

Мен үшін ең қиыны – қазақтіліндегі  ұ, ө, қ  сияқты дыбыстарды дұрыс айтуды үйрену болды. Қайтсем де жетістікке жетемін деген мақсатта өзіммен көп жұмыс жасадым. Осы әріптер кездесетін сөздерді жазып, күніне бірнеше рет қайталадым. Бір сәтте мен енді ойымды жеткізу үшін сөйлем құрап үйренуім керек екендігін түсіндім. Содан кейін үйдегі қазақ тілін білмейтін туыс-бауырларымды өз қатарыма тартып, отбасында қазақ тілінде сөйлей бастадық. Осылайша сөйлеу дағдыларын қалыптастырдым.

Қазақ тілін білудің арқасында мен көптеген қалаларға барып, Қазақстанның белгілі тұлғаларымен сұхбаттасып қайттым. Сондай-ақ біраз жылдар Есік мұражайында экскурсовод болып, екі тілде саяхат таныстыру сабақтарын жүргіздім. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ аудандық  «Жанұя» отбасын қолдау орталығында жұмыс істеймін, онда мемлекеттік тілді білу өте маңызды. Себебі әртүрлі мәселемен көмек сұрап келген азаматтарды қабылдап, түсіндіре алуыңыз керек. Сол кезде ғана мәселе түйіні оң шешімін табады.

Менің ойымша, саналы адам қай уақытта болмасын өзін дамытып, ізденісте болуы керек. Қазіргі уақытта елімізде тіл үйренушілерге барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы, үйренемін деген ниет керек деп ойлаймын. Жақында  Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының В2 ортадан жоғары деңгейін бітіріп, сертификат алдым. Мен қазақ тілінде өтетін түрлі іс-шараларға жиі қатысамын. Осы филиалда этнос өкілдеріне арналған  «Қазақша сөйлейік» клубының құрметті қонағымын. Әр уақытта өзімнің тіл үйренудегі тәжірибеммен бөлісіп отырамын. Ізгі ниетім қабыл болып, тағдыр айдап қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, екеуіміз 5 бала, 3 немере тәрбиелеп отырған аяулы анамын. Әрбір адам өзінің арман, мақсатына жетуге лайықты деп ойлаймын.

 

Надежда СЫЧЕВА,

Есік қаласы.

 

Оқылды 13841 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Белгілі заңгер Жаңа Конституция…

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік…
Ақп 05, 2026

Известный юрист поддержал…

На VIII заседании Конституционной комиссии председатель Союза юристов Казахстана Серик…
Ақп 05, 2026

Женский взгляд на Основной закон:…

В Центральном аппарате партии «AMANAT», состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы:…

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының…
Ақп 05, 2026

Генпрокуратура предложила уточнить…

О необходимости уточнения статьи 18 в проекте новой Конституции высказался первый…
Ақп 05, 2026

Жаңа Конституция жобасы: Бас…

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституциялық реформа жөніндегі…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет