Сейсенбі, 03 Қараша 2020 11:30

ҚМДБ пайғамбардың карикатурасына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ пайғамбардың карикатурасына қатысты мәлімдеме жасады Сурет интернеттен алынды

Мұхаммед пайғамбарға қатысты «Сharlie Һebdo» журналының жариялаған келемеж суретіне қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасап, барша мұсылман қауымын төзімділікке, парасаттылыққа шақырды.

Құрметті мұсылман қауым!

Соңғы кездері әлемде сөз еркіндігі мен демократия астарында жекелеген этностарды немесе конфессияларды балағаттау, кемсіту, арандату жиі көрініс таба бастады. Әрине, мұндай жағдай көпшілік елдерді, халықтарды және түрлі дін өкілдерін қатты алаңдатады. Бұл бір жақтан, радикалдық көзқарас пен лаңкестікті, екінші жақтан, конфессияаралық өшпенділік пен араздықты тудыруда.

Жуырда Францияның «Charlie Hebdo» журналының Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келемеж суретін салуы және кейбір билік өкілдерінің айтқан қисынсыз пікірі әлемдегі барлық мұсылмандардың ашу-ызасына себеп болды.

Төзімсіздік пен өшпенділіктің әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңнамалық себептерінен өзге, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани құндылықтардың құлдырауына, қоғамның тұтастығы мен мәдениетаралық қатынастың бұзылуына алып баратыны сөзсіз. 

Әйтсе де, шынайы мұсылман өзінің пайғамбарына болған сүйіспеншілігін, оның нағыз үмбеті екенін сенімі мен ізгі істері, әдептілігі мен көркем мінезі арқылы көрсетеді. Сонымен қатар, мұсылмандар өз діні мен пайғамбарын қорлауға жол бермейді. Себебі, пайғамбарға иман келтірумен қатар оны қорғау да мұсылманның міндеті болып табылады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердiң ешқайсыларың менi ата-анасынан, бала-шағасынан және барлық адамзаттан артық жақсы көрмейiнше, толық иман келтiрген болып саналмайды» деген (Муслим).

Осы жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің келіспеушілігін білдіреді және мұсылмандарды түрлі арандатушылық әрекеттерге берілмей, барлық амалдардың шариғат әрі заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін жеткізеді. Еліміздегі дін өкілдері мен қарапайым халықтың кейбір саяси күштер мен түрлі радикалдық топтардың құрбаны болып кетпеуін қалайды.

Ислам діні – өзге мәдениеттерге төзімділігі мен сұхбатқа ашықтығының арқасында көптеген елдер мен халықтардың жергілікті мәдениеттерін бірегей арнада тоғыстырған дін. Сондай-ақ, Ислам діні басқа діндерге, көсемдері мен ғибадатханаларына құрметпен қарауға бұйырады, кез келген дінді кемсітуге, олардың діни рәміздерін бұзуға тыйым салады.

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Әрбір мұсылман кез келген дін және діни қатынастарға қатысты сөз болғанда мәселенің нәзіктігін ескеріп, оны түсіндіру мен таратуда өзінің рөлі мен қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезінуі тиіс.

Осы бір жағдайда барша мұсылман қауымын төзімділікке, парасаттылыққа шақыра отырып, Жаратушы Иемізден елімізге тыныштық, халқымызға амандық, асыл дініміздің өркендеуін тілейміз. 

Оқылды 2920 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет