Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 09:30

Ербол Қарашөкеев: келер 5 жылда 582 инвестициялық жоба іске асады

Елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің ілгері дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Сәйкесінше, келер жылы субсидиялау жүйесі жаңартылып, аталмыш бағытқа қосымша 388,2 млрд.теңге қарастырылмақ. Бұл туралы ҚР ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қапшағайда өткен алқалы жиында мәлімдеді
Ауылшаруашылығын дамыту-бәсекеге қабілетті экономика құрудың негізгі механизімі деген тұжырымның төңірегінде топтасқандар үлкен отырыста төбе көрсетті. Бұл қатарда, Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев пен экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов та бар.

Ал Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев модератор қызметін атқарды.
Шаруалар үшін маңызды, көктемгі дала жұмыстарының қарсаңында өткен жиналыста, су тапшылығы мен тарифінің өсуі, ауылшаруашылығына қажетті техника мен таңайтқыштардың бағамының артуы сынды мәселелер көтерілді.

Маңызды мәжілістің басты спикері, Ербол Қарашөкеев субсидиялау жүйесіндегі жаңа реформа келер жылдың басында іске қосылатынын жеткізді. Ал биыл, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында субсидиялау өзгеріссіз қалады.

Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылы аталмыш саланы қолдауға 309 млрд.теңге қарастырылған болатын, енді аталған сомаға үстеме 388,2 млрд.теңге қосылмақ. Бұл шара тікелей мемлекет басшысының тапсырмасының аясында жүзеге асырылады.

Ендігі кезекте қазынадан 63 млрд. теңге ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, суландыру жүйесін, жылыжайлар кешенін, сүтті қайта өңдеу объектілерін құру үшін инвестициялық субсидиялауға бөлінгенін атап өткен жөн.

Министрдің сөзіне сенсек, бұрын күші жойылған жұмыртқаларды субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады, ал жұмыртқа бағытындағы өнеркәсіптік құс шаруашылығының барлық субъектілері үшін субсидиялау нормативтері бірдей болып, 2 еседен жоғарылатылады, яғни бір жұмыртқаға 3 теңгеден бағаланбақ. Осыған қарай, бюджеттен 7,5 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.

Субсидиялаудың жаңа жүйесінің басты жаңалықтарының бірі - цифрлық форматқа көшіру. Қазіргі уақытта субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталуда.
Бұл дегеніміз - жұмыс заманға сай жүргізіліп, қағаз бастылықтан арылып, мәселенің бір мезетте шешілуіне жол салу.

"Бүгінгі күні басым міндеттердің бірі егіс науқанын уақтылы және сапалы жүргізу болып табылады. Сонымен, қазіргі таңда техника дайындығы 96 пайызды құраса, көктемгі дала жұмыстары жаппай жүргізіле бастаған уақытқа 100 пайызды құрамақ",- деді ҚР ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, әкімдіктердің министірлікке берген деректері бойынша 2022 жылы жалпы егіс көлемі 23,1 млн. гектарды құрайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 125 мың гектарға көп.
Тұтастай алғанда, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Алқалы жиында, өңір басшысы Қанат Бозымбаев, "Ислам даму" банкі арқылы Ескелді және Ақсу аудандарының ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Облыс әкімі үстіміздегі жылы су үнемдеу технологиясы алаңын 27 мың гектарға жеткізу қажеттігін қадап айтты. Оның айтуынша, аймақта бұдан басқа көптеген жобалар қайта түзетуге жатады екен. Басты себеп - қаржыландырудың уақытылы жүзеге аспауы.

Алдағы таңда осы және өзгеде түйіткілді істердің күрмеуі шешілмек, ол үшін келер бес жылда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің импортын алмастыру және экспортын дамыту бойынша 4,1 трлн теңге сомасына кемінде 582 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Жауаптылардың сөзінше, аталмыш шараларды қабылдау ауыл шаруашылығы дамуының орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 

JETISÝ MEDIA

Оқылды 4219 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет