Жұма, 24 Шілде 2020 12:45

Ауылдар даму жолында

Жыл сайын еліміздің дамуы мен көркею жолдарын таразылап, билік пен халық арасындағы көпір ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдау жасайтыны мәлім. Осы Жолдаулардың негізінде мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, халық игілігі үшін бірталай жұмыстар жасалып жатыр. Жолдаулардың аясында Қаражота ауылдық округінде де біршама жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2019 жылғы 2 қыркүйектегі  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру бойынша Қаражота ауылдық округінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына көңіл бөлінуде. Жұмыс, жалақы, қауіпсіздік, тәртіп, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру және тағы да басқа салалар бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басынан бері салық төлейтін объектілерді түгендеп, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілді.  2020 жылдың бірінші жартыжылдығында  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 45 адам қоғамдық жұмыстар атқарып жүр.

Округ аумағында шағын және орта бизнес нысандарының саны көбейіп келеді. Барлығы 62 кәсіпкер тіркелді. Жалпы алғанда осы сауда нысандарында 124 адам жұмыспен қамтылған.  Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарындағы көлемі 6840 шаршы метр көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Облыстық маңызы бар Шелек – Қаражота  (4 шақырым),  Шелек – Ақтоған (19 шақырым) автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп Қаражота ауылының жастарына шағын спорт алаңы салынып жатыр. Ауылдардағы көшелерді түнгі мезгілде жарықтандыру бойынша күн сәулесінен қуат алатын Қаражота (18 шам), Сарыбұлақ (10 шам), Ақтоған (10 шам) ауылдарының көше-леріне 38 жарықтандыру шамдары орнатылды. Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының демеушілігімен өрттің алдын алу мақсатында Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы аз қамтылған тұрмысы  төмен 5 отбасының баспанасына газдан уланудан қорғау датчигі (датчик угарного газа) алынып, орнатылды.

2020 жылдың бірінші қаңтарына сәйкес аулдық округте 478 шаруа қожалықтары ауылшаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді дамыту бағытында округ бойынша 9 шаруа қожалығы бар. Ауылшаруашылық саласына тартылатын инвестиция көлемі бойынша округімізде «Оразбеков» ЖК 14 млн. 440 мың теңгеге жаңа трактор «МТЗ – 2121.2» алса, қосымша 850 мың теңгеге жер жыртатын соқа сатып алды. «Ауыл» ШҚ төрағасы С.Құлжабаев бес жылдық мерзімге 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды.         

2020 жылдың 1 шілдесіне округте ірі қара саны – 10 730 бас, қой-ешкі – 30 604 бас, жылқы – 1 804  бас, түйе – 19 басты құрайды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, 2020 жылға арналған қабылдау күнтізбелік кестесі бойынша қаңтар – маусым айларында Қаражота ауылдық округі әкімімен бірге сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарау үшін, аудандық мәслихаттың 6-шақырылым депутаттары Жұлдыз Абдыкадырова, Марупжан Искаков, Айбек Ілебаев азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауларда көтерілген мәселелер Қаражота ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаториясының (СВА) салынуына  ықпал жасау, Сарыбұлақ, Ақтоған орта мектептерінің бейімделген ғимараттар санатына жатуына байланысты 180 орындық жаңа мектеп салынуына ықпал жасау. Қойылған мәселенің шешілу кезеңдері бойынша депутат Жұлдыз Абдыкадырова Қаражота ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ескіріп, талапқа сай келмеуіне байланысты жаңа амбулатория салынуына сайлаушылардың атынан тиісті органға депутаттық сауал беретінін айтты. Депутатар Марупжан Искаков, Айбек Ілебаев қойылған мәселенің шешілу кезеңдері бойынша ауданымызда жоспарланып отырған жаңадан салынуы тиіс 17 мектептің қатарында Сарыбұлақ, Ақтоған орта мектептері бар екенін және тиісті құжаттары реттеліп, бюджеттік сұранысқа енгізілгенін ескертті.

Қаражота ауылдық округінде орналасқан елді-мекендерде енгізілген төтенше жағдай кезінде шектеу шаралары қатаң сақталды. Қаражота ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында сабыны бар қол жуғыштар, қол жууға арналған сұйықтықтар орнатылды. Қаражота ауылдық округінің азаматтарына төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер тәртібі бойынша жадынамалар (1000 дана) дайындалып, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде Қаражота ауылдық округінің тұрғындары арасында күнделікті, үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайға байланысты 1 айлық ең төменгі жалақы көлемінде төлемді алу жолдары туралы ауыл тұрғындары әлеуметтік желідегі WhatsApp, Instagram, Facebook парақшалары арқылы ақпарат алуда. Электрондық мемлекеттік қызметтерді «Digital agent», «egov.kz», «Mektep SitCen»,  «e-zhetysu» мобильдік қосымшалары арқылы алу жолдары айтылуда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қаражота ауылынан – 11 адам, Сарыбұлақ ауылынан – 13 адам, Ақтоған ауылынан – 24 адам барлығы 48 адам 65 жастан асқан жалғыз басты қариялардың тізімі жолданды. Қаражота ауылдық округіндегі мектептерде және ауыл тұрғындары арасында бетперде тігу жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бойынша Б.Момышұлы атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдық орта мектептерінің мұғалімдері оқушылармен тығыз байланыста болып, тапсырмаларын әлеуметтік желідегі WhatsApp, «Kundelik kz», теледидардағы «Балапан», «Ел арна» арналары арқылы көрсетіліп жатқан бейнесабақтардан дәріс алды. Байланыстары жоқ отбасыларына мектептерден еріктілер ұйымдастырылып, сабақтар өтті. Б.Момышұлы атындағы орта мектептен 14 адам, Сарыбұлақ мектебінен 2 адамнан құралған еріктілер тобы құрылды. Төтенше жағдай кезінде уақытша жұмыстарынан босап қалған тұрмысы төмен 120 отбасына азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 29 отбасына азық-түлікпен әлеуметтік пакеттер таратылды. «Nur Otan» партиясының демеушілігімен берілетін 50 мың теңгенің тізіміне тұрмысы төмен аз қамтылған 102 отбасы енгізілді.

Е.РАХЫМБАЕВ,

Қаражота ауылдық округінің әкімі

Оқылды 1269 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет