Бейсенбі, 20 Тамыз 2020 16:47

Шелекте жаңа жел электр станциясын салынып жатыр

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жаңа екі жоба іске асырылуда. Олар – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялар құрылысын бастаған – Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр станциялары (ЖЭС). Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ ақпарат таратты.

«Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында іске асырылуда. Станция жиынтық қуаты 60 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғыдан, қосалқы станциядан және электр беру желілерінен тұрады. Нысанның өндірістік алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы «Энергия Семиречья» ЖШС жүргізуде. ЖЭС-тің құрылысы кезінде 300 жұмыс орнын, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты түрде 14 жұмыс орнын ашу көзделген. ЖЭС жылына 225 750 мың кВтсағ. электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Компания мамандарының сөзінше, жел энергетикалық қондырғыларын суық континенталдық климат (–30…+43 С), сейсмикалық белсенділігі 10 балл және желдің жылдамдығы – II класс жағдайында пайдалануға болады. Жел турбиналары IEC 61400-series «Жел турбогенераторлық жүйелері» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін техникалық және экологиялық қасиеттерге ие.

Екінші жел электр станциясы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының маңында орналасқан. Ол жердегі желдің әлеуетін ескере отырып, станцияның алаңында германдық «ENO Energy GmbH» фирмасы жасап шығарған. әрқайсысының қуаты 4,8 МВт және белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт болатын 11 ЖЭҚ орнату жоспарланған. Нысанның құрылысы оған осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындардан 100 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Пайдалану кезінде станцияға 16 адам қызмет көрсететін болады. Жобаны «Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге маманданған «Ereymentau Wind Power» ЖШС іске асыруда.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның жаңартылатын көздерді пайдаланудағы әлеуеті зор, және де, атап өтілгендей, «жасыл» энергетикаға көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл жаһандық экономиканың өсіп келе жатқан векторы.

Мәселен, Алматы облысында, «Самұрық-Энерго» мамандарының бағалауынша, электр энергиясының негізгі көздері – Алматы ЖЭО-лары, Қапшағай және Алматы СЭС-інің каскадтары, Есік СЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Қаратал СЭС-і. Өзінде өндіруші қуат көздері жетіспегендіктен, облыстың электр энергиясына деген қажеттілігі қолда бар энергия көздерімен 50%-ке ғана жабылады. Жел энергиясы ресурстарының әлеуеті жоғары өңірде

ЖЭК-тің кезекті нысанын пайдалануға беру, қоршаған ортаға тигізетін әсерін неғұрлым азайта отырып, электр энергиясына деген тапшылықты ішінара шешуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары – күн электр станциялары (КЭС), жел электр станциялары (ЖЭС), биогаз станциялары (БГС), шағын СЭС-тер 2019 жылы 342,5 млн. кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл Қазақстан Республикасында ЖЭК-терді пайдалана отырып өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 14,3%-тін құрайды, ал компанияның «таза» электр энергиясын өндірудегі (КЭС, ЖЭС, шағын және ірі СЭС-тер) 2019 жылғы үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 1,2%-ке ұлғайып, 2 924,2 млн. кВтсағатты құрады.

 

 

Оқылды 2466 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет