Сенбі, 31 Қазан 2020 21:13

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ 7-su.kz

Талдықорғанда көптен сағындырған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы келіп, жұртпен жүздесіп, игілікті іске табыс пен сәттілік тіледі.

– Осындай қиын-қыстау жағдайда тұрғындардың талабын ескеру – басты міндетіміз. Жәрмеңкеге жеткізілген тауарлардың сапасы жақсы, бағасының да қолжетімді екендігі көрініп тұр. Жан-жақтан ағылып келіп жатқан тұтынушылардың да қарасы көп. Осы ретте бұл жәрмеңкені ұйымдастырған облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан, қала әкімдіктеріне ризашылық білдіремін. Әрі алдағы уақытта да жоспарлы түрде өткізуді ұсынамын. Өйткені, өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді шара қолдау тапқаны жөн, – деді Амандық Баталов.

Десе де, Қадырғали Жалайыр көшесінің бойындағы жәрмеңке өткен аумақтың тарлығы облыс басшысының  көңілінен шықпады. Алдағы уақытта жәрмеңкені Д.Қонаев көшесінің бойындағы тынысы кең жерге орналастыруды тапсырды. Өйткені, жәрмеңкеге өнімдерін шығарған сатушылар мен келушілерге қойылған басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы.

Жәрмеңке орналасқан жерге кіретіндерге облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қорғаныш құралдарын, яғни, бетперде тағу, қолғап кию, санитайзердің болуын және әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қадағалап отырды. Еріктілер тегін бетперде таратып жүрді.

Осындай жақсы дайындықпен өткен күзгі жәрмеңкеге облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан және «Жетісу» ӘКК-ден жалпы салмағы 259,5 тоннаны құрайтын 50-ден астам ауылшаруашылық өнімі жеткізіліп, нарықтағы бағадан 15 пайызға арзан сатылды. Атап айтсақ, жәрмеңкеде 41,7 тонна ет, 21 тонна сүт, 5,4 тонна балық өнімдері, 77,7 тонна көкөніс, 16,1 тонна жеміс-жидек, 33,5 тонна картоп, 69,3 тонна өзге де ауылшарушылық өнімі саудаланды.

– Биылғы жағдайда өнімін сата алмай қиналып қалған шаруаларға ауылшаруашылық жәрмеңкелері көп қолдау болды. Нұр-Сұлтан қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, 400 тоннадан астам өнім жеткізіліп, 360 млн.теңгенің өнімі сатылды. Алматы қаласында өткен ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне 270 тоннадан өнім жеткізіліп, 160 млн.теңгенің өнімі саудаланды. Бүгін үшінші рет облыс орталығындағы жәрмеңкеде 260 мың тоннаны құрайтын 50-ден аса өнім саудалануда. Жәрмеңке алдағы уақытта да өтеді, – деді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Жапаров.

Қала тұрғындарының айтуынша, маусымдық жәрмеңкелерді өткізу – жақсы үрдіс, әсіресе, азық-түлік түрлерінің көптігі және олардың төменгі бағада сатылып жатқандығы тұрғындардың көңілінен шығады.

– Бүгінгі ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі көңілімнен шықты. Өнімдер экологиялық таза болғандығымен қызықтырды. Оның үстіне бағасы да базардағы бағадан әлдеқайда арзан. Бұл қала тұрғындары үшін көп көмек болып тұр, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әтіргүл Көңшебайқызы.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – шаһар тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнім түрлерін төмен бағада ұсыну және ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруаларды қолдау. Аталмыш жәрмеңке осы мақсат үдесінен шықты деп айта аламыз. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келесі сенбі күні де ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Талдықорған қаласында өтетін болды.

Дереккөз

Оқылды 995 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет