Жұма, 04 Желтоқсан 2020 15:57

Қылмыс көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы болған тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы – егемендіктің айғағы, халқымыздың айбары. Оны қадірлеп, құрметтеу – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ал Ата заңда жазылған заңдардың орындалуын қадағалау – прокуратура қызметкерлерінің міндеті. Осы абыройлы міндетті атқару жолында қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуде талмай еңбек етіп жүрген прокурорлардың төл мерекесі қарсаңында аудан прокуроры Күренкей Азамат Жолдасбекұлымен тілдескен болатынбыз.

– Азаматтардың құқығын қорғауда прокуратура жетекші рөл атқарып, заңның орындалуын қадағалайды. Сол себепті прокуратураға түсетін арыз-шағымдардың саны көбеймесе, азаймасы анық. Осы орайда, биыл аудандық прокуратураның көмегіне қанша азамат жүгінді?

– Оныңыз рас, әділдік іздеген азаматтар прокуратураға жүгінеді. Сәйкесінше, арыз-шағым бойынша істің мән-жайы тексеріліп, заң бойынша іс-әрекет жасаймыз. Бүгінгі таңда аудандық прокуратураға түрлі бағыттағы 571 арыз түскен.

– Шағын және орта бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бүгінгі таңда аса маңызды болып отыр. Осы бағытта мемлекеттік мекемелер тарапынан кәсіпкерлерді тексеру бойынша заң бұзушылықтар болды ма?

– Өкінішке қарай, мұндай фактілер ауданымызда бірнеше рет орын алды. Жақын арада кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қараша айының басында аудандық прокуратура жанынан құрылған кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтың сенім телефонына шағым түскен. Онда Есік қаласындағы дүкендердің біріне мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері келіп, құжаттарын тексеріп жатқандығы айтылған. Жедел әрекет еткен прокуратура қызметкерлері заңсыз тексерістің жолын кесіп, аталған мекеменің маманы жауапкершілікке тартылып, 55 560 теңге айыппұл арқалады. Айта кетейік, соңғы 5 жылда облысымызда алғаш рет ӘҚБтК-тің 175-бабы 1 тармағы бойынша іс қозғалып отыр.

– Мұндай оқиғалар жиі тіркеле ме?

– Жиі десек, артық айтқандық болар. Дей тұрғанмен де, кәсіпкерлердің құқығын қорғау біздің негізгі міндеттеріміз болғандықтан, құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысамыз. Жоғарыда аталған сенім телефоны осы мақсатта құрылып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

– Бизнес өкілдерін тексеруден бөлек, олардың құқығын шектейтіндер де бар шығар.

– Иә, биыл аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан осындай заң бұзушылық орын алғандығы анықталды. Сенім телефонына түскен хабарламаға сәйкес, аталған орталық комиссияның оң қорытындысына қарамастан 23 жеке кәсіпкерге мемлекеттік грант ақысын аудару бойынша келісімшарт жасамаған. Аталған талаптарды өрескел бұзғаны үшін аудандық прокуратура тарапынан құқық бұзушылықты жою бойынша ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, 23 кәсіпкердің бизнес идеяларын жүзеге асыруға арналған қаражаттары толықтай төленіп, гранттары берілді. Ал мекеменің маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Еліміздегі карантиндік шаралар кезінде бірнеше мекемелермен бірлесіп қызмет көрсету орындарында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде қандай құқық бұзушылықтар анықталды?

– Аудан аумағында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында бірқатар шектеу шаралары қабылданып, оның орындалуы жүйелі түрде бақыланып отырды. Бірақ, кейбір кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар санитарлық талаптарды сақтамай, әкімшілік жауапкершілікк тартылды. Бұл бойынша жалпы 123 хаттама толтырылып, 10 млн 667 мың 520 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне санитарлық қауіпсіздікті қатаң сақтау бойынша ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Басқа тақырыпқа ойыссақ, ауданымыздағы қылмыстың көрсеткіші қандай?

– Биыл аудан аумағында 1206 қылмыстық оқиға тіркелді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға азайған. Оның ішінде 20-сы аса ауыр қылмыстар, 353 ауыр қылмыс жасалған. Ағымдағы жылы 12 адам өлтіру фактісі орын алып, 50 пайызы ашылды. Айта кетерлігі, бөтеннің мүлкін жымқырушылардың саны едәуір азайып, бұл бағыттағы қылмыс көрсеткіші төмендеді. Айталық, былтыр аудан аумағында 637 пәтер тонау фактісі анықталса, биыл бұл көрсеткіш 207-ге төмендеген. Шаруалардың шамына тиген мал ұрлығы да айтарлықтай азайған, 13 оқиға орын алды. Былтыр төрт түлікті жымқыру бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған болатын. «Алаяқтық» бабы бойынша 149 іс қолзғалған. Былтырмен салыстырғанда 24,4 пайызға төмендеген.

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.

– Мемлекеттегі заңдылықты қадағалап, қоғамдағы тұрақтылықты қаматамасыз етіп, ел үшін жасаған еңбектеріңіз жана берсін. Әріптестеріме адалдық пен қырағылық, қажымас қайрат пен талмас қанат, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілеймін.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 631 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет