Сәрсенбі, 20 Қаңтар 2021 17:17

Алматы облысында індеттің қарқыны 1,1% құрайды

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021 жылдың 20 қантарына сәйкес коронавирустық инфекцияның 8376 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 3325 белгілері бар. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Бүгінгі күні, Облыстық көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу аудандарында байқалады.
«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% - дан 1,0% - ға дейін ұлғайды. Коронавирустық инфекцияның R саны 1,19, ал Республика бойынша 1,14 құрады, облыстар арасындағы сегізінші орында тұр. Соңғы тәулікте КВИ-дің 92 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны - 1,1%»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Асхат Чарапиев.
2021 жылғы 21 қаңтардан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу жоспарлануда:
1. Елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесін сағат 23-00 дейін ұзарта отырып, сондай-ақ жолаушыларды отырғызу/шығару кезінде барлық есіктердің ашылуын қамтамасыз ету, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту;
2. Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), 300 км-ден аспайтын қозғалысына рұқсат етіледі;
3. Діни объектілердің (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу) қызметіне ұжымдық іс-шаралар өткізбей, жеке бару үшін рұқсат етіледі;
4. Жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес) қызметіне тыйым салынады;
5. Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесі бар сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметіне, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады;
6. Моншалар, сауналар, СПА орталықтарының жұмыс істеуіне алдын ала жазылу бойынша, 50% - дан аспайтын толтырумен, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесімен рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауналар, СПА орталықтары мен бассейндерге жұмыс істеуіне тыйым салынады;
7. Театрлар мен кинотеатрлардың залдар толтырылуының 20% аспайтын жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Оқылды 980 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…
Ақп 06, 2026

Қоғамдық сенімді арттыруға…

Конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет