Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2021 17:08

Мандат алғандар міндет арқалай білуі керек

Мандат алғандар міндет арқалай білуі керек mezet.kz

Жуырда Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат  депутаттарының сайлауы өткені белгілі. Жаңа сайланған депутаттар құрамы өз жұмысын бастап кетті. Бүгінде  ауданымызда мәслихат жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралып, халық қалаулыларына өзіндік міндеттер  жүктелуде.

Жақында аудандық мәслихат депутаттарына Алматы облысының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылған жиын өтті. Оған облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев қатысты. Алғашқы болып сөз сөйлеген аудан әкім Қуанышбек Қалиұлы депутаттарды жеңісімен құттықтап, оларды өңір дамуына белсенді үлес қосуға шақырды. Облыстық мәслихаттың  хатшысы Жанболат Әкебайұлы ауданымыздан сайланған облыстық мәслихаттың депутатарына куәлік табыстап, жаңа мандат алғандардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Депутаттарды  облыс  аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басақармасының бас маманы Арайлым Әлімбекова таныстырды.

 – Жаңа бағдарламада негізгі үш бағыт – «Өңір экономикасын көтеру», «Жайлы және қауіпсіз өңір құру», «Өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету» мәселелері қамтылған. Бірінші бағыт аясында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4 пайызға қамтамасыз ету шаралары көзделген. Жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған. Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты қойылып отыр. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 5,4 трлн теңгенің  546 жобасы енгізілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2021-2025 жылдары төрт жарым мың жұмыс орнын құра отырып, инвестициялар көлемі 690 млрд теңгелік 37 жоба іске асырылмақ. Олардың арасында трансұлттық компаниялардың жобалары да бар. Іле ауданында ұсақ мал етін терең өңдеу бойынша «Жетісу қой», Қапшағай қаласында ірі қара етін өңдеу бойынша «Тайсон фудс», Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында екі құс фабрикалары («Прима құс», «Кәусарагро»), Еңбекшіқазақ ауданында «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты, Сарқан ауданында «Kunkuat» жел электр станциясының құрылысы. Нәтижесінде,  шикізаттық емес экспорт көлемі жыл сайын 8 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 6 пайызға артады,  – деді ол. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында басым дақылдар егістігінің көлемі ұлғайтылады. Қант қызылшасының алаңы 20 мың гектарға, жүгері 90 мың, бақтар 29 мың гектарға жеткізіледі. Суару жүйелерін қайта жаңғырту арқылы 138 мың гектар суармалы жерлерді айналымға енгізу жұмыстары жалғасады. Он үш ауданда 30 мал бордақылау алаңдары мен 22 сүт-тауарлы фермаларын құру жоспарланып отыр. Осылардың бәрі 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1,3 трлн теңгеге, еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, 6 млн теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнан өзге түрлі бағдарламалар аясында, шағын және орта бизнесті дамытуға,туризм саласын өркендетуге, тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне,білім беру мен денсаулық сақтау  саласын дамытуға  қыруар қаржы бөлініп, өнімді жұмыстар атқарылмақ.

Жиналыста сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева бұл реткі депутаттардың нағыз бәсекеден өткендігін, сыннан сүрінбеген жаңа құрам депутаттарына  жауапты  міндеттер жүктелетіндігін тілге тиек етті. Бұл ретте, Гүлнәр Тойлыбаева: «Ата заңызымда көрсетілгендей, халық – биліктің қайнар көзі. Сондықтан депутаттар тұрғындардың өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмай бақылап отыру керек. Бұл турасында депутаттарға тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қадағаланады. Депутаттың мандатын алғандар, міндетін де арқалай білуі қажет»,  – деді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1621 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет