Жұма, 26 Ақпан 2021 16:38

Туған елге мың алғыс!

Ұлтпен ұлыстың басы қосылған киелі шаңырақтың керегесі кеңге жайылып, уықтары қадалып, түндігі түрілген кез ол – Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Егмен ел үшін бұл күн аса қастерлі. Тәуелсіз мемлекеттің мерейін асқақтатқан мезетпен тұспа-тұс «Алғыс айту» күніде қатар келуде.

2016 жылдың 16 қаңтары, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп жарлыққа қол қойды. Міне, шешім қабылданған сәттен бері аттай 5 жыл болды. Содан бері  аталған мереке өз деңгейінде аталып өтуде.

«Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болуы мүмкін», – деп Елбасы кезінде өз пайымымен бөліскен еді. Көрегенді көшбасшының көкейіндегі ойы шындыққа айналды.

Әртүрлі этнос өкілдерінің басы қосылған Қазақстан үшін ерекше мерекені абыроймен атқару, әр өлкеге міндет екені даусыз. Осы орайда, Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Туған елге мың алғыс!» атты жалпыұлттық эстафета басталғанын атап өткен абзал.

«Эстафетаның қатысушылары әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап бөліседі. Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді «Туған елге мың алғыс!» атты челленджге қатысуға шақырамыз»,  – деді «Қоғамдық Келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Бауыржанұлы.

Сонымен қатар, 1 наурызда Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегіндегі «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің жанында жыл сайынғы салтанатты митинг өтеді. Сол күні Талдықорған қаласының оқушылар сарайында «Үлкен Ел –Үлкен отбасы» жобасы аясында Алғыс айту күніне арналған «Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық форум өтеді.

Сондай-ақ, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталады. Осы марафон аясында 2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Алматы облысында ҚХА қайырымдылық акциялары өтеді. Қорыта айтқанда, бұл күн – қайырымдылық дәстүрлерін, ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау және тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болмақ.  

Оқылды 1523 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет