Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 14:55

1 наурыз – Алғыс айту күні

Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос  өкілдерінің қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай, бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Бұл күн – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу,  қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, достығымыз бен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарасқан күні. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің біртұтас ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен болатын.

Біздің ауданымыздың өзінде, 300 мыңға жуық 54 ұлт пен ұлыс  өкілдерінің өзара ауызбіршілікте күн кешіп жатқан, халқының ынтымағы жарасқан мекен. Өңірімізді мекен етіп отырған түрлі ұлт өкілдері аудан өмірінің әр саласында лайықты еңбек етіп,  әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Бұл да еңбек қатынастары арқылы бір ортада біте қайнасқан тұрғындардың өзара сыйластығы артып, бір-біріне деген алғысының молаюына ықпал ететіні сөзсіз.

 

Қадірменді жерлестер!

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған жалпыұлттық патриоттық идеяның жарқын көрінісі, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын  Алғыс айту күні құтты болсын!

Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларың-ызға қуаныш, бақыт тілеймін!

Ізгі тілекпен: Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қашқымбаев Қуанышбек Қалиұлы

Оқылды 1775 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Nur Otan» партиясы күні РОДНАЯ ЗЕМЛЯ Казахстана »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет