Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 15:48

COVID-19: 9 наурыздан бастап жаңа қаулы күшіне енеді

COVID-19: 9 наурыздан бастап жаңа қаулы күшіне енеді Сурет интернеттен алынды

Алматы облысында коронавирус пен өкпе қабынуының көрсеткішіне байланысты жаңа Қаулыға қол қойылды. Онда бассейндердің, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының, діни рәсімдердің, цирк пен мектептердің (1-5, 1-7 сыныптар) жұмысына, спорттық шараларды көрерменсіз өткізе беруге карантиндік талаптарды сақтай отырып (толымдылық 30 пайыздан аспауы тиіс) рұқсат берілген. Сондай-ақ балалар лагерінің жұмысына шектеу қойылған. Қаулы 9 наурыздан бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтіні төмендегідей:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»,  2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулыларына сәйкес, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі, эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, соңғы 7 күнде Алматы облысының 100 мың тұрғынына шаққанда жағдай саны – 18,8 R саны-1,14 құрады. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция Департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
    1. залдарда толтырылуы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, барлар);
    2. барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда;
    3. балалардың сауықтыру лагерлері;
    4. ойын-сауық объектілері, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар;
  3. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді, сондай-ақ отыратын орындар санынан артық емес толтырылуын қамтамасыз етсін:
    1. адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартумен, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, сондай-ақ, жолаушыларды отырғызу/шығару кезінде барлық есіктердің ашылуын қамтамасыз ету;
    2. қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына рұқсат беруді;
    3. әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу жүргізуді.
  4. Аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының басқа да тартылған органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
    1. Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларын сақтау бойынша рейдтік тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді;
    2. бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың орын ауыстыруына тыйым салуды;
    3. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді;
    4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
    5. қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
    6. ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, жаппай іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты  іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды. Жабық үй-жайларда ас беруге рұқсат етіледі, бұл ретте толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес.
  5. Алматы облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен «Қазпочта» АҚ бойынша филиалы қамтамасыз етсін:
    1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (оның ішінде арнайы ХҚКО, CaII орталықтар, Ореп Талдықорған сервис) кезегін алдын ала брондау бойынша жұмысы (сайтта Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot2.0 коллцентр 1414) жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (бетперде, қашықтықты сақтай отырып), онлайн форматта максималды қызмет көрсету;
    2.  «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің онлайн

көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, үй-жайларындағы әлеуметтік қашықтық белгілері 2 метрден кем емес және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

  1. Аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдеріне туризм субъектілеріне (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлеріне (базаларға, аймақтарға), туристік базаларға, санаториялық-курорттық ұйымдарға, ұлттық табиғи парктерге, ыстық бұлақтардағы демалыс аймақтарына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, қызмет етуге рұқсат беру:
    1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетпердемен жүру ұсыналады);
    2. объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуды;
    3. демалушылардың барлық болу және демалу уақытында объектілердің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салуды;
    4. әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауды;
    5. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғаларды ерте анықтау мақсатында, қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауды;
    6. 100 орыннан астам объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісім-шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру;
  2. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  және маскалық режимді, сондай-ақ әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
    1.  діни объектілер (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу), 30%-дан асырмай толтыру, бір адамға 4 ш.м алаңды қамтамасыз еткен кезде ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген.
    2. қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) үй-жайларында толтырылуы 50% - ға дейін, бірақ 50 отыратын орыннан артық емес, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгіленеді, шығару және жеткізу жұмыстарына уақыт шектеусіз рұқсат етіледі. Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің түскі ас залында болуына тыйым салу. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады (корпоративтер, банкеттер, тойлар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т. б.),  толымдылығы 30% - дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын ас беруді қоспағанда. Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға тыйым салуды. Ғимараттардың (үй-жайлардың) ішіндегі фудкорттардың жұмыс істеуіне тек тұтынушыларға дейін алып шығуға және жеткізуге рұқсат етіледі;
    3. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулысының (бұдан әрі – ҚР БМСД №67 қаулысы) талаптарын сақтай отырып, өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар), ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
    4. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілердің (техникалық қызмет көрсету, автожуу, автомобильдерді, шиномонтаждық, автосалондарды жөндеу, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және басқалар) қызметі;
    5. жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б.), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру;
    6. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын, аймақтарға бөлу талаптарын   және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық орталықтардың қызметі (жазу бойынша);
    7. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің қызметі (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);
    8. сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;
    9. құрылыс дүкендері, көлік құралдары мен саяжай мүкәммалының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоомагазиндер;
    10. азық-түлік және азық түлік емес базарлары толымдылығы 30%-дан аспайтын 1 келушіге 4 м2 есебімен үй-жай алаңы, кіре берісте термометрия, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
    11. халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отелдер);
    12. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекші топтар (топта 15 адамнан артық емес);
    13. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда нысандарының толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда бір келушіге кемінде 4 ш.м., жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін;
    14. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектер білім беру орталықтары;
    15. келушілерді тек медициналық бетперде киюге рұқсат беруді қамтамасыз ете отырып косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс);
    16. алдын ала жазылу бойынша моншалар, сауналар, СПА орталықтары, бассейндер толымдылығы 50% - дан аспайтын, жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін;
    17. 5 адамнан аспайтын жеке топтық жаттығулар;
    18. ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға арналған спорттық жаттығулар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
    19. спорттық іс-шаралары көрермендерсіз жүргізуге рұқсат етіледі;
    20. бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;
    21. мәдениет объектілерін, оның ішінде музейлерді, мәдениет үйлерін (толымдылығы 30% - дан аспайтын, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде үй-жайларды желдетуді жүргізу, маскаларды пайдалану);
    22. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың);
    23. толтырылуы 30%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар);
    24. цирктер толымдылығы 30%-дан аспайтын;
    25. толтырылуы 30%-дан аспайтын бильярд үй-жайлары;
    26. «Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК;
    27. 2021 жылғы 9 наурыздан бастап рұқсат етіледі:

- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;

- жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту;

- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

- қызметін қайта бастаған оқу орындары асханаларының жұмысына рұқсат беруді (залды толтырудың 30%-нан артық емес);

    1. техникалық және кәсіптік, орта кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының I курс студенттері үшін штаттағы оқытудың аралас форматтағы пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту форматында рұқсат беру;
    2. маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді;
    3. театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 100 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып) қамтамасыз етсін;
    4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, спорткешендер, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтары, тренажер залдарын (орталықтарының),  келушілерді алдын ала жазу бойынша;
    5. кинотеатрлар қызметіне (толтырылуы 30% - дан аспайтындай, infokazakhstan.kz порталында тіркелумен, бетперде режимін, шахматты отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтау);
    6. казино, залда 50-ден аспайтын орын орната отырып, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап, барлық үй-жайлар және жиһаздар мен жабдықтардың беттерін тәулігіне кемінде 2 рет әрбір 10 сағат сайын дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып, қызметіне рұқсат беруді.
  1. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтауы қажет:
    1. Азаматтардың «қарбалас уақытта» аялдамаларда және қоғамдық көлікте жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында:
  • барлық мемлекеттік кәсіпорындар, органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес дифференцирленген жұмыс кестесін енгізсін;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, органдар мен ұйымдарға жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын жұмыс уақытынан кейін жұмыскерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану ұсынылады;
    1. қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда);
    2. маскаларды, қолғаптарды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерді уақтылы ауыстыру үшін бір рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;
    3. барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезковриктер орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үй-жайларды ылғалды жинау, желдету);
    4. үй-жайларда келушілердің әлеуметтік қашықтығын 2 метрден кем емес таңбамен белгілеу;
    5.  ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарына сәйкес қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
  1. Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына:
    1.  5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, үй-жайларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте маска режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
    2. адамдарды шақыруға және топтастыруға байланысты кез келген іс-шараларды (туған күндері, мерейтойлар, тойлар, еске алу өткізуге тыйым салу);
    3. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
    4. ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес);
    5. респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну.
  2. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:

10.1  карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жария етуді қамтамасыз ету;

10.2 қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізуді болдырмау үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аудару, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

11. Әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың басшылары қамтамасыз етсін:

11.1 үй-жайларда, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде кию;

11.2 кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

11.3 ғимаратқа кіре берісте, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін санитайзерлерді пайдалану;

11.4 келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздерді пайдалану;

11.5 ғимараттарға шығарып салушыларды және қарсы алушыларды жібермеу, шығарып салушыларды және қарсы алушыларды кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

11.6 әрбір рейстен кейін көлік құралдарының, оның ішінде әуе кемелері мен ТЖ құрамдарының салонын дезинфекциялау;

11.7 жолаушыларды түсіруге және отырғызуға тартылған әуежайдың және теміржол вокзалдарының барлық үй-жайларын, терминалдарын ылғалды жинау және дезинфекциялау.

12. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

12.1 қызметі тоқтатылған және рұқсат етілген объектілерді ақпараттық арналар, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, қажетті ақпаратты ресми веб-ресурстарда орналастыру арқылы хабардар ету;

12.2 үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;

12.3 ресми көздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

13. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы қаулының талаптарын қатаң орындасын.

14. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 ауруының өсуіне байланысты карантиндік шараларды қатаңдату бойынша өзге де іс-шараларды қабылдауға құқылы.

15. Осы қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

17. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 ақпандағы №3 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

18. Осы қаулы 2021 жылы 9 наурызда 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Ерғали СЫДЫМАНОВ,

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Оқылды 1414 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « РОДНАЯ ЗЕМЛЯ Казахстана COVID-19: Аудандағы ахуал »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет