Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 12:33

Қордаланған мәселелер көтеріліп, тапсырмалар жүктелді

Ең жақсы сөз – іс! Осы орайда аудан басшысы Әлібек Жақанбаев қала, ауылдық округ әкімдерін қабылдап,  перспективалық жоспарын жүйелеп, нақты тапсырма берді.

Әлбетте, қазіргідей қауіпті індет өршіген уақытта тұрғындар денсаулығы басты назарда. Сондықтан талапқа бағыну – әрбіріне ортақ міндет. Мұны тұрғындарға түсіндіру бірінші кезекте. Аудан әкімі округ басшыларына талап үдесінен шығу үшін түсіндіру жұмыстарын жетілдіруді әңгімесінің әліппе-сінде  тапсырды. Алғашқы болып Әлібек Әскербекұлының қабылдауында болған қала әкімі Айдар Бошкулов өзінің жұмыс жоспарымен таныстырып, нақты тапсырмаларын алды.

– Бірінші кезекте,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап мәдениет үйінің аумағында балаларға арналған ойын, футбол алаңдарымен бірге «Тәуелсіздік бағын» жасау мақсатында жоба дайындап, қанша қаражат жұмсалатынын анықтаңыз. Орталық стадионды ретке келтіру үшін тиісті құжаттарды әзірлеңіз. Сол секілді, орталықтағы Алматы мен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан Керей-Жәнібек ескерткішін қайта жаңартуға өтініш беріңіз. Сонымен қатар, Алтын Адам аллеясын абаттандыруға, Набережная көшесінің жобасын дайындап, кезеңдерге бөліп жұмыстарды бастауға әрекеттенуіміз керек. 25 шақырым жолды жөндеу,  күл-қоқыс тастайтын орын мәселесін шешу уақыт күттірмейді, – деді Ә.Жақанбаев. Сондай-ақ, Есік өзенінің жағалауын абаттандыру  бойынша нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

Аудан әкімі Шелек ауылдық округінің әкімін қабылдай отырып, округтің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар өз сөзінде үстіміздегі жылы аталмыш ауылдық округке баса назар аударылатынын айтты. Жұмыстарды жүйелей отырып Әлібек Жақанбаев округ әкімі Сәкен Абдыхалиевке нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, алдағы уақытта жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 237 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу мәселесі, 34 көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайын реттеу, ауыл маңындағы 2 саяжайдың жерін мемлекетке қайтару, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша көшелерді барынша жарықтандыру, жастардың жұмыспен қамту деңгейін анықтау және жұмыссыздық мәселесін реттеу, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру бекетін салу үшін жер телімін дайындау, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу. Шелек ауылдық округіің әкіміне осындай тапсырмаларды берген Әлібек Әскербекұлы атқарылған істің тиянақты әрі сапалы болу керектігін атап өтті.

Сөгеті ауылдық округінің әкімі Еркінбек Дауытқұловқа елді мекендегі ауыз су мәселесін жақын арада шешуді тапсырды аудан басшысы. Сонымен қоса, Көкпек ауылында интернет, ұялы байланыс желісі қарастырылмаған. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында округ әкіміне инвесторлар тарту керектігін айтты.

Әкімдерді қабылдау барысында жайылымдық жерлерді игеру бойынша Масақ ауылдық округінің әкімі Ертай Нұрмахановқа нақты тапсырмалар жүктелді. Бүгінде Нұрлы ауылында 40 үй иесіз ретінде тіркелген. Олар баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

Байсейіт ауылының ауызсу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу керек. осы мәселені көтерген аудан әкімі Талғат Өмірбековке  тиісті мекемемен бірлесе отырып жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Бижанов ауылына 38 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық желі жүргізу үшін құжаттар рәсімделетін болады.

Округ әкімдерін қабылдау барысында Әлібек Жақанбаев елді мекендердің қордаланған мәселелерімен танысып, оны шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдайтынын айтты. Қабылдауда негізінен әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жолдарды жөндеу, ауызсу құбырларын тарту, электр желілерін жаңарту, санитарлық тазалық бойынша әкімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

 

 

Динара ТӨЛЕМІСОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Оқылды 1481 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал Селден келер қауіп жоқ »

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет