Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021 10:48

Оқымаған тоқымас

Тоқсан екі жылдық тарихы бар ауданымыздың айнасы 90 жылдан бері шығып келе жатқан «Еңбекшіқазақ» газетіне (бұрынғы атаулары «Үлгілі колхоз», «Еңбек жалыны», «Пламя труда» т.б.) 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу басталды. Қағаз ақпарат тасушылары, яғни газет-журналдар құриды екен, орнын электронды бұқаралық ақпарат құралдары басады екен, – деп құрғақ байбалам сала бастаған кезең әрнәрсеге байыптап қарау керек екенін дәлелдеп отыр. Иә, интернет атты ғаламтор желісі айшылық жерге әп-сәтте жеткізетін, неше түрлі жаңалықтарды, деректерді әлеуметтік желілерден іздеп тауып алатын мүмкіндік молынан бар.

Бірақ сол әлеуметтік желі де әлі сенімді жұмыс істеп тұрмағанына пандемия жағдайында онлайн білім беру саласының көзі жетті.

Ал газет-журналға биылға жазылу барысында өте ыңғайсыз жағдайлар болып қалғаны қынжылтады. Газет редакциясына бірнеше мектептерден ұстаздар, тіпті оқу орындарының басқарушыларынан ауызша байланыс жүйесі арқылы да арыз-шағым түсті. Неге жергілікті баспасөзге жазылуға тыйым салып отырсыздар деген мағынада. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң». Сөйтсек, ұстаздардың беделін көтеру туралы журналистер қауымы да қолдап отырған заң талабына сай-мыс газеттерге жазылуға шектеу жасап тастаған.

Япырым-ай, ғылымда «кір сумен бірге сәбиді де төгіп тастамау» туралы ұғым болушы еді. Мұғалім статусының биік кезінде сонау өткен ғасырдың елуінші жылдары білім алған шәкірт бола жүріп, сол ұстаздардың үйлерінен орталық, жергілікті деген неше түрлі газет-журналдарды алдыратынын көзім көрген еді.

«Әкесін ұрғанды көріп едім, әкесін арбаға байлап қойып ұрғанды көрмеппін» депті бір пақыр. Сол айтқандай елу жылдық журналистік жолымда газетке жазылмаймын деген жазбаша қолхат талап еткен басшының әрекетін бірнеше рет естідім өткен жылдың соңында. Бұл жерде көзі қарақты басшы бұқаралық ақпарат құралына жазыл деп талап етпеймін, жазылам деген газетіңе жазыла бер, ол сіздің конституциялық құқығыңыз деу керек еді. Іс жүзінде сол құқығына қол сұғылып Ата заң талабы бұзылып тұр.

Бүгінгі коронавирустік пандемия жағдайында жедел ақпараттың да жан-жақты түсіндіруге бағытталған мақалалардың да бағасы артып тұр. Күн демей, түн демей үй жайын да ұмытып, індетпен күресіп жатқан дәрігерлер қауымына елдің алғысы, ризашылығы шексіз. Кейбір тұрғындарымыз осы індет жайлы, мед.қызметкерлердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптарын қатаң орындамай індетті тоқтата алмайтынымызды естімеген, білмегендей күй кешіп отырғандай ма деп қаласың. Дүрілдетіп тойлап, бетпердесіз қоғамдық орындарға барып, бір-біріне індет жұқтырып жатқанын ауырып, ұшып түскенде ғана білетін болсақ, бетін аулақ қылсын, құрып кетуге бет қоятынымызды білесіздер ме? Бұл жерде де ақпарат құралдарының алатын орны осал емес. Құқық қорғау органдарының, әсіресе, полицияның рөлі де ерекше екенін ескеру керек. Covid-19 ушығып тұрғанда «тойшыл қауымға» індет таратпай, тойды доғара тұрыңдар деген санитарлық дәрігерлердің талабын полицияның көмегінсіз тыңдай қояр құлақ болмай тұрғаны өкінішті.

Полиция демекші, ел қорғаны полицейлердің де беделін түсіріп алғанымыз – шындық. Осы қызметтің басшысы да тек жағымды фактілерді жазып, полицияның беделін көтерейік деп өтінгенде осы жолдар авторы құп алып, үздік қызметкерлер туралы үзбей жазып тұрдық. Өкініштісі сол, әрбір жарияланымнан соң мақала кейіпкері немесе қызмет басшысы бір тал газет беруді өтініп, редакцияға қиылып келіп тұратынын қайтерсің. Ал газеттің жылдық жазылу бағасы көп жылдар бойы өзгеріссіз болды.

Бұл жағдай басқа да құқық қорғаушылардың мемлекеттік қызмет бөлім, басқармалардың басында бар.

Бүгінгі аудан тұрғындарының саны үш жүз мыңнан астам. Екі аудан қосылмай тұрғындағы «Еңбекшіқазақ» газетінің таралымы бүгінгіден екі есе артық болатын. Ал күнделікті өзгерістерді, ресми басқару органдарының заң, заңнамаларын жариялап отырған бірден бір басылым «Еңбекшіқазақ» екенін естен шығармайық, құрметті оқырман. Ал газетке екінші жартыжылдыққа жазылу барысында түйткілдер бола қалса есігіміз ашық, әлбетте санитарлық талаптарды сақтау – міндет. Телефон, желілік мекенжайымыз жариялаулы.

Х.АХМЕТЖАНОВ 

Оқылды 1090 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет