Сейсенбі, 09 Қыркүйек 2025 10:47

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру: «Кәсіби даму жолы»

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінің негізін қалаушы маңызды институттардың бірі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша заңды талаптар мен қағидаларды бекіту, еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінің сапасын көтерудің маңызды қадамдарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 34-бабының тармақтарында көрсетілгендей мемлекеттік қызметшілерді оқыту мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы біліктіліктің мақсаттары мен бағыттарын қарастырып көрейік.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына  сәйкес әлемдік тәжірбиеде Франция мен Сингапурда мансаптық ілгерілеудің шарттарының бірі тиісті оқыту мен біліктілікті арттырудан өту болып табылады. АҚШ пен Ұлыбританияда мұндай оқыту тиісті кәсіби біліктілік деңгейіне қарай топтастырылады. Сингапурдың құзыреттерді базалық, функционалдық және көшбасшылыққа бөлуді көздейтін оқытуда құзыреттілік тәсілді қолдану тәжірибесі назар аударуға тұрарлық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі өз жұмысын үнемі жетілдіріп, тиімділігін арттыру үшін кәсіби мемлекеттік қызметшілерге мұқтаж. Осы мақсатта Мемлекеттік қызметшілерді оқыту процесі маңызды орын алады. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін дамытуға, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға және қызметкерлердің кәсіби даму деңгейін көтеруге негізделген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бірнеше кезеңнен тұрады: даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Әрбір бағыттың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау — жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға бағытталған оқу процесі. Бұл бағыт мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған азаматтар үшін арналады. Олар арнайы оқу бағдарламалары арқылы мемлекеттік қызметке тән дағдыларды меңгеріп, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады. Даярлау барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқару, заңнамалық өзгерістер, мемлекеттік қызметтің принциптері, этикасы және әкімшілік процестер сияқты маңызды тақырыптар бойынша білім алады.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау — қосымша кәсіби білім алу курстары, яғни бұрыннан қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің білімін жаңарту. Бұл курстарға қатысу арқылы қызметшілер заңнамалық өзгерістер мен жаңа басқарушылық технологиялар туралы ақпарат ала алады. Қайта даярлау курстары мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және олардың мансаптық өсуіне септігін тигізеді.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру — кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары мен тренингтерді қамтиды. Бұл бағыт мемлекеттік қызметшілердің өз саласында жаңашылдықтарға бейімделуін, дағдыларын тереңдетуін және жаңа әдістемелерді игеруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру семинарлары мемлекеттік қызметшілердің мәселелерге қатысты түсініктерін кеңейтуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру міндетті түрде жүзеге асырылуы керектігі айқындалған. Осы орайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуі тиіс. Бұл мерзімділік әрбір мемлекеттік қызметшіге кәсіби білімін жаңартып, қазіргі заманғы талаптарға сай болуына мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқарып, олардың тиімді жұмыс істейтіндігіне кепілдік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен филиалдарында жүзеге асырылады. Бұл ұйымдар оқытудың сапасын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілердің қажетті білім деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру қызметтері мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзге білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін. Осылайша, әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметі бойынша арнайы бағдарламалардан өтіп, тәжірибе мен білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін, сондай-ақ білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл ретте, білім беру ұйымдары мен курстардың талаптары жоғары болуы тиіс. Білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мемлекеттік қызметшілердің білімін үздіксіз жаңартып, олардың жаңа талаптарға сай болуын қамтамасыз етуі керек.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің оқыту жүйесі мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру үрдістері мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, заңнамалық өзгерістер мен жаңа технологияларға бейімделуге ықпал етеді. Әрбір мемлекеттік қызметшілер үшін оқу курстарының сапасы мен кәсіби даярлық деңгейі үздіксіз бақылауда болады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесі мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын стратегиялық маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби деңгейін қалыптастырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму жолында білім беру ұйымдарының сапасы мен әдістемелік қамтылуы маңызды рөл атқарады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы

Нұрсұлтан Ақылбекович Сейдалиев 

Оқылды 452 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет