Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:53

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округінің әкіміне үміткер Когулов Аскар Турсбековичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов ауылында дүниеге келдім. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университетінің Заңгер факультетін бітірдім. 2005-2007 жылдары «ТОО Куат лтд» фабрикасында заңгер болып жұмыс атқардым. 2008 жылдан Еңбекшіқазақ ауданы «Халыққа қызмет көрсету орталығына» кеңесші болып жұмыс жасадым. Осы аталған мекемеде 2008-2010 жылдары бақылаушы-ұйымдастырушы болып қызмет атқардым. 2011-2013 және 2014-2019 жылдары осы мекеменің басшысының орынбасары, 2020 жылдан бастап осы  күнге дейін «Шелек Халыққа қызмет көрсету орталығының» басшысы болып келемін. Медиатор,  самбо күресінен спорт шеберімін.

 

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары!

 

Мақсатым – Сөгеті ауылдық округінің өркендеуі мен әрбір тұрғынының әл-ауқатының артуына адал қызмет ету.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

 

  1. Инфрақұрылымды дамыту

-Ауылымыздың  ішіндегі жолдарды жөндеу және жыл сайын 2-3 көшелерін асфальттау.

-Көше шамдарын орнату және жарықтандыру жүйесін жаңарту.

-Су, газ және электр желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, бұларға деген сұраныстың жыл сайын артуының себебінен қымбаттау мүмкін екенін ескере келе, арзандату мақсатында қосымша күн нұрын пайдалану және су үнемдеу заманауй тәсілдерін барынша насихаттап ауылға ендіруге тырысамын.

-Интернет және байланыс сапасын жақсарту (4G/5G және талшықты интернет енгізумен, цифрландыру өзім жетік меңгергенімнің арқасында ауыл тұрғындарының компьютрге деген сауатылығын жоғарғы деңгейге жеткізу үшін кәрі жасқа қарамай үйрену курстарын ұйымдастыруды қолға аламын). Цифрландыру және автоматтандыру ол жарқын болашағымыз.

 

  1. Ауыл шаруашылығын қолдау

-Шағын және орта шаруашылықтарға субсидия және несие алуға көмектесу.

-  Мал басын нәсілдендіре отырып және егін шаруашылығына жаңа технологияны пайдалану арқылы дамытуға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру.

- Тиімді жолдармен кооперация  құруға қолдау көрсету.

- Сақтандыру және озық техникамен қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға жәрдемдесу.

 

  1. Әлеуметтік сала мен халықтың әл-ауқаты

- Мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория жағдайын жақсарту.

- Жастарға арналған спорт кешенін салуға және мәдениет үйін жөндеу жұмыстарының жобаларын дер кезінде дайындатып оны жоспарлы түрде іске асыруға атсалысу.

- Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету (әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегін бақылау).

- Ата бабамыздан келе жатқан дәстүрімізді жастарға кеңінен насихаттап, оны дамытуға атсалысу. Жастарға арналған кәсіптік бағыт-бағдар беру бағдарламаларын «Жетісу -Вольфрам» ЖШС арқылы іске асыру.

 

  1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

- Жергілікті кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.

- «Жетісу -Вольфрам» ЖШС көмегімен жылда сырап болып жатқан жеміс жидек және көк өністерлерді заманойыл кептіргіштерді қолдану арқылы экологиялық жаңа өнімдер шығаратын өндіріс ашу арқылы нарыққа шығуды ұйымдастыру.

- Қолөнер, тігіншілік, ауыл туризмі сынды бағыттарды дамыту.

- Маусымдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп

- Ауылда бейнебақылау камераларын орнату.

- Жергілікті полиция пунктімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау.

- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті белгілер мен өткелдерді орнату.

 

  1. Экология және абаттандыру

- Ауылдағы санитарлық тазалықты сақтау (қоқыс шығару жүйесін реттеу).

- Жасыл желек егу (ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау).

- Су көздерін, өзен-көлдерді қорғау және дер кезінде жексенбілік ұйымдастыру арқылы тазарту.

 

  1. Ашықтық және есеп беру

- Тұрғындармен тұрақты кездесу өткізу (айына 1 рет).

- Барлық жоспарлар мен шығындарды ашық жариялау.

- Электронды өтініштер мен шағымдарды қабылдау жүйесін енгізу.

 

Менің басты ұстанымым – “Халықпен бірге, халық үшін!”.

Әрбір ауыл тұрғынының пікірі мен ұсынысы – мен үшін маңызды.

Біз бірге болсақ – ауылымыз гүлденеді!

 

Оқылды 806 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет