Бейсенбі, 28 Тамыз 2025 15:38

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылдық округінің әкіміне үміткер Тикельдиев Шынғожа Айбарұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2010 жылы Алматы бизнес колледжін қаржы мамандығы  бойынша, 2012 жылы Алматы технологиялық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2014 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маман-жетекші салық инспекторының міндетін атқарушы болып бастадым. 2021 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2021 жылдан Есік қаласының әкімдігінде бас маман қызметін атқардым. Ағымдағы жылдың наурыз айынын бастап Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

Құрметті Қорам ауылдық округінің тұрғындары!

Мен ауылдық округ әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен мәслихат, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.

Назарларыңызға Қорам ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 4 жылда әкім аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді тұрғындардың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыруды қажет деп санаймын.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркейуіне адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген сөз.

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;

– Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыру және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту;

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысу;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі  ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының тұрғындарға қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру;

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және оларды жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстау;

– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алу.

Округттің ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Егер менің кандитурамды қолдап, маған дауыс берсеңіздер, округіміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуге дайынмын.

Қызмет – уақытша, адамдық қасиет – мәңгілік!

 

Оқылды 538 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет