Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 12:23

Алматы облысында 582 нысан "Ashyq" жобасына қосылған

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 40 жағдайы расталды. Олардың 8-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оқушыларда 4 және студенттердің ішінен 1 жағдай тіркелді. Ал жалпы өткен 14 күнде індетке шалдығушылар саны 946-ға жетті. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды.
Жетісу өлкесінде эпидемиологиялық жағдай жақсарып, жасыл аймақта орналасқанымен, облысқа қарасты кейбір өңірлер әлі де қызыл аймақта тұр. «Балқаш ауданы мен Талдықорған қаласы қызыл аймақта, Кербұлақ, Ескелді, Қаратал және Сарқан аудандары сары аймақта қалған аудандар мен қалалар жасыл аймақта орналасқан», - дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Бүгінгі таңда, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды оңалту мақсатында, тұрғындардың кеселге шалдығуының алдын алу үшін екпе жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Қазіргі кезде облыста 241 683 адам екпенің бірінші бөлігін қабылдаса, 143 741 тұрғын екінші компанентті салдырып үлгерген.
Асхат Сәкенұлының айтуынша, облысқа барлығы 278 720 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 235 220 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак. 2 компоненттен 192 270 доза вакцина келген, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 148 770 және Qaz-вак 4000 дозаны құрап отыр.
Естеріңізге саламыз, 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап "Ashyq" пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіліп, 26 сәуірден облыс бойынша жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні 582 нысан артықшылықпен қызметін жалғастыруда.
Дәл осы "Ashyq" пилоттық жобасының арқасында Талдықорған қаласында 57 сары және 36 қызыл, Панфилов ауданында 1 қызыл, 3 сары, Ескелді ауданында 1 қызыл, 2 сары, Қарасай ауданында 1 қызыл, 1 сары және Еңбекшіқазақ ауданында 1 сары статусты бар вирус тасымалдаушысы анықтады.
Айта кетейік, карантиндік талаптардың сақталуын бақылау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Жыл басынан аталған топтармен 17 818 рейд жүргізіліп,102 273 нысан қамтылып, 1025 карантиндік режимді бұзу анықталды.

Оқылды 815 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет