Сәрсенбі, 23 Маусым 2021 12:18

Бейбіт күнде 2 рет қауіпті жарақат алған полицей

23 маусым – ішкі істер министрлігі қызметкерлері мен  ардагерлер еңбектерін ескеріп, қызмет бабын орындау барысында қаза тапқан полицейлер еске алынып, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Полиция – қауіп-қатер ортасында жүретін, қылмыскерден қорғайтын, әлсізге зорлық қылдырмайтын бірден бір билік пен заң өкілі. Тәртіп сақшысы  күн-түн демей, кез келген уақытта азаматтарға қол ұшын созып,  қылмыскерді заң алдында жауап бері үшін еңбек етеді. «Азаматтары тыныш ұйықтай алатын, жұмыспен, тұрғын үймен толық қамтылған қоғам – жақсы үкіметтің белгісі» – деген сөз бар. Түнгі ұйқының тыныш болуы әр азаматқа, қоғамға, құқық қорғаушыға тікелей байланысты.

Бұл салада саналы өмірі өткен, зейнеткер Әлібек Жапеков пікірімен бөлісті. Қазақта «Көргеніңді айтсаң – көз алдыңнан өткізгеніңді айтқаның» деген сөз бар. Полиция полковнигі: «Ішкі істер органдары қызметкерінің іс-әрекеті заңмен өлшенеді. Әр қызметкер бұл саланың айнасы іспеттес. Полиция мамандығына жүрек қалауымен келіп, кәсіби деңгейде, алдыңғы толқынның үздік тәжірибесімен қалыптасқан дәстүрлеріне бой ұсынған тұлға болып қалыптасады. Зайырлы, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекетке ашық, сауатты, моральдық негіздегі мығым полиция қажет. Кәсіби қызметінде немқұрайдылыққа, ұқыпсыздыққа, білімсіздікке бой алдырмауы тиіс. Тәртіп сақшысы жоғары білімді, мәдениетті, әр нәрсеге байыппен қарап, алдын болжай білетін түсінігі мол, саяси сауатты жан-жақты білікті болуы  қажет. Қызмет барысында  біреуден  жаман сөз естуің, не тосын жағдайға душар болуың мүмкін. Сонда сабырлылық таныта алмай, ашуға салса,  өрескел әрекет жасап, заңсыздыққа баруы мүмкін. Бір полиция қызметкерінің орынсыз қылығы бүкіл ішкі істер органына күйе жағады.  Тәртіп сақшысы  берілген тапсырманы  тиянақты орындап, халық сеніміне ие болуы керек. «Мен елім мен азаматтардың қорғаушысы,  әділетсіздікке қарсы тұратын адал маман боламын, борышымды абыроймен орындаймын» деген ой санаға сіңгенде ғана, патриоттық сезімді, абыройлы болу ұстанымы адастырмас темірқазық болады» – деп тоқығанын айтты.

Бүгінде 70 жастағы  Ә.Жапеков Кеген ауданы Қарқара ауылында туған. Абай орта мектебінде және Қарағанды жоғарғы милиция мектебінде, Алматы гидроме-лиоративтік техникумында, Жамбыл гидромелиортивтік  институтында оқыған.

Еңбек жолын  Шелек ауылында халыққа тұрмыстық  қызмет көрсету комбинатында бастаған. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Ішкі істер органында 1980 жылдан Шелек аудандық ІІБ-нің қатардағы инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, 1995 жылдан  аудандық салық полиция басшысы, ауданаралық салық полициясының тергеу бөлімінің басшысы, 1998 жылдан Алматы облыстық ІІД әкімшілік қызмет басқармасында  патрульдік  полиция басқармасының басшысы, 2000 жылдан  Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның штаб басшысы, 2002 жылдан Еңбекшіқазақ аудандық паспорт бөлімі басшысы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан әділет басқармасында басшы, 2006 жылы Шелек ауылында әділет басқармасының бөлімін басқарды. Елордаға барып, әділет министрінің қабылдауында болып, ХҚКО  ғимаратын  жөндеуге қаржы бөлуге, Шелекте халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға ықпал етті.

Бүгінде Әлекең ардагерлер мен жас ұрпақ байланысын жандандыру бағытындағы  жұмыстарға мұрындық болуда. Қызметтес әріптестері мен қайтыс болған  ардагерлерді еске алып,олардың отбасыларымен жылына екі рет кездесу өткізеді.

Әлекең бейбіт өмірде қылмыскерлер қолынан 2 рет денсаулыққа қауіпті жарақат алған. 1986 жылы кезекті еңбек демалысындағы Әлекең Шелектегі Западная көшесімен өтіп бара жатқанда бір үй жанында тәртіп сақшысымен бір адамның алысып жатқанын байқап қалады. Дереу көлігін тоқтатып, жүгіріп келіп, милицияға пышақпен қарсы ұмтылған «Утка» деген лақап атты қылмыскердің пышақ ұстаған қолына жармасады. Ұстай берем дегенде, қылмыскердің пышағы Әлібектің  сол жақ бұғана тұсын жарақаттап үлгереді. Оған қарамастан Әлібек қылмыскердің қолын қайырып, жерге жығып, пышақты тартып алады. Бұл оқиға «На страже» газетінде жарияланған еді.

1987 жылы Шелекте түнгі сағат 12-де түрмеден қашып шығып, іздеуде жүрген, 2 рет сотталған, лақап аты «Тотанды» ұстау сәтінде қылмыскер пышақпен ұрғанда Әлібектің сол жақ қолдың шынтағын жаралап кеткен еді.

1987 жылы қоғамдық меншікті сақтау мәселесінде Ә.Жапекұлы жүргізген «Cүт істері» бойынша облыстың 5 ауданынан 16 адам,  Алматы қаласы сүт заводынан 7 адам  қылмыстық жауапқа тартылған еді. КСРО БХСС қызметі 70 жылдығына орай  Қазақстаннан бұрынғы БХСС қызметкері Ә.Жапеков Мәскеу тарапынан арнайы медальмен марапатталды.

Ә.Жапеков «түркі тілдері ішінде ең байы қазақ тілі екенін бүкіл зерттеуші мойындаған» – деген пікірді алға тарта отырып, мемлекеттік тілдің ішкі істер органдарында кеңінен қолдануына көп мән берген. Кеңес үкіметі кезінде 1988 жылы Шелекте мешіт ашуға мұрындық болды.

Әлекең қаржы полициясын басқарған 1995 жылы  Кеген, Нарынқол, Шонжы, Шелек, Есік өңірлері заңды тұлғалардың бюджетке салық толық төлеуле-рін тексеріп, миллиондаған төленбеген қаржыны бюджетке құйғызып, зейнеткерлерге кешік-кен зейнетақыны реттеген. 1996 жылы Шелекте қызмет атқарып, салықты есепте тұрған «Филипп Моррис» компаниясының Алматы қаласы Ленин аудандық кіріс бөліміне 3 жыл қатарымен салық аударып келгенін анықтап, тексеру барысында 1,5 млн теңгені Шелек аудандық кіріс бөліміне қайтартып,  зейнеткерлер  зейнетақысын толығымен  жапқызған еді.

Ә.Жапеков зейнетке шықса да  қоғамдық жұмысқға  белсене араласуда.  Шелек өңірі бойынша «би» болып сайланған. Шелек ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағасы орынбасары, Шелек ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.

2014 жылы тамыз айында Шелек ауылы азаматтарын жұмылдырып, жетім және көмек беретін ешкімі жоқ  54 оқушыны мектепке даярлауға араласып, киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге  ықпал жасады.

2015 наурыз айымен желтоқсан аралығында Алматы-Хоргос тас жолындағы Шелек ауылы бейітінің 253 метр қоршауын кірпішпен қалатты және Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп жанындағы христиан бейітін қоршатуға күш салған.

Әлекең жоңғар қалмақтары жаугершілігі  кезінде ел қорғаған Мықтыбай батыр туралы, Малай батыр әскерін мінетін ат-тұрманмен үнемі қамтамасыз етіп отырған 19 ғасыр басындағы белгілі меценат Бахтияр Жалмәмбетұлы жайлы  шығармашылық ізденумен шұғылдануда.

Ә.Жапеков 2017 жылы ақпан айында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша құрылған жұмыс тобына жер сатуды тоқтатуға, Неке туралы кодекстегі және 20.12.1991 жылғы Азаматтық туралы заңына өзгеріс енгізіп, жердің шетелдіктерге өтіп кетуіне тосқауыл қоюға ұсыныс жасаған.

Ә.Жапеков Ішкі істер министрлігінің 10 медалімен марапатталған. Оның ішінде  екеуі «КСРО ІІМ Үздік қызметкері», «Қазақстан полициясының үздігі». Әлібектің құқық қорғау саласында күн-түн демей белсенді қызмет атқаруына себепші болған өмірлік серігі Күлиза 40 жыл бойы Шелек аудандық ауруханасында бас медбике болған, жоғары   санатты  маман.

Әлібек пен Күлиза Жапековтер ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің  сүйікті ата-әжесі атанған  бақытты жандар.

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,

Журналистер одағының мүшесі

Оқылды 762 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет