Сейсенбі, 29 Маусым 2021 11:19

Арман деген – көп белес

«Арман деген – көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар» деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтпақшы, шынымен де көзді ашып-жұмғанша зымырап өткен уақытқа таң қаласың. Уақыт неткен ұшқыр десеңізші... Міне біздің киелі шаңырақ ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітіргенімізге  20  жылдан астам уақыт өтсе де, білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз екен.

Бала кезімде кітап пен газет-журналға құмар едім. «Жақсы кітап – жан азығы» дегендей, сол кездің адамдарында жақсы қасиет бар еді. Бір қызық кітап шықты десе, соны іздеп, кітапханаға барып жаздырып оқитынмын. Тіпті ауыл поштасына түсетін «Балдырған», «Қазақстан әйелдері», «Жалын» «Ақ желкен» журналдарын жинап оқыдық. Атам қойлы ауылдарға газет таратушы еді, сол кісінің үйге әкеліп қойған газет-журналдарын бірінші болып біз қызықтайтынбыз. Оқыла-оқыла мұқабасы сарғайған кітаптар мен журналдарды қолға ұстау ол кезде таңсық емес еді. Оқырманын тартымды шығармаларымен тәнті етіп, бау-рап алатын жазушылар шығармасы нет-кен ғажап десеңізші. Мүмкін осы оқыған кітаптарымыздың әсері болар, журналист болуға деген құлшынысым жылдан жылға арта түскендей. Алғаш аудандық газет бетіне жарық көрген батыр Бауыржан Момышұлына арналған  өлең жолдарын көргендегі жүрегімдегі қуаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Мектепті бітіріп, Алланың қолдауымен қалаған оқу орнының студенті атану қандай сезім еді. Қазіргі таңда осы киелі шаңырақта білім алғанымды мақтаныш сезімімен айта аламын. Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Жүрегімдегі «журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен тұтанып, жүрегімнің түпкірінен орын алған болатын. Алланың қалауымен армандаған арманыма жеткендеймін. Армандаған оқу орнын бітіргеніммен ол салада жалындап, жарқырамасам да еліме елеулі азаматша болуға тырысудамын. Осы салада аз да болса еңбегім сіңіп, мағыналы ғұмыр сүруді тілеймін. Қалаған оқу орнын аяқтап, отбасын құрып өмір ағымымен мамандық бойынша  төрт бес жылдан соң ғана жұмысқа кірістім. Алғаш жұмысымды корректор мамандығымен бастағанмын. Сол кездегі «Дала мен Қала» газетінің редакторы Сапарбай Парманқұловқа алғысым шексіз, одан кейінгі еңбек жолымды  «Айқын» газетінде жалғастырдым. Газеттің  сол кездегі редакторы, қазіргі күні Сенат  депутаты Нұртөре Жүсіптерден алған тәрбие, тәлім үшін зор ықылыспен алғысымды айтамын. Нұрағаңның жүйрік журналистігі бір төбе болса, редакторлығы бір төбе. Себебі қай газеттің тізгінін ұстаса да сол басылымның бағын жандырды. Ол басқарған «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Астана ақшамы», «Айқын» газеттері ақпарат айдынында еркін жүзген, қоғамға ықпал еткен, ұлттың ұстаханасына айналған қарымды басылымдарға айналды. Журналистика – алдыңғы буын ағалар айтқандай, мылтықсыз майдан. Мұндай майдандағы тілшінің сенімді қаруы – қуатты қаламы. Ал енді бір журналистер үшін бір редактордың өзі бір мектеп болды. Ел білетін Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұлов, Жарылқап Бейсенбай. Осы қатарға Нұртөре Жүсіпті де қосар едім. Себебі Нұрағаңның бір өзі – бір мектеп. Нұртөре Жүсіптің мектебінен өту бақытын бұйыртқан сол кісімен қызметтес болуды бұйыртқан  тағдырыма ризамын.

«Айқын» газеті Елордада шығатын болғандықтан ендігі қызметімді Іле аудандық «Іле таңы» газетінде жалғастырдым. «Іле таңы» газетінің редакторы Роза Маратқызы  мені тек қызметке қабылдап қана қоймай, отбасы жағдайымды түсініп, алыс ауылдан келетіндігіме қарап, әпкелік ақыл-кеңесін беріп отырғандығының өзі мен үшін үлкен мақтаныш. Алпыстың асуынан асқан абзал ана, білікті басшы, жайдары жақсы адам Роза Маратқызының өнегелі өмірі көпке үлгі екені даусыз. Осы өнегелі өмірінің аз ғана болса да үлгісін көріп, әріптес болғанымды мақтан етемін.  Бұл ұжыммен аз ғана уақыт жұмыс жасасам да әріптестердің әрқайсысының өз орны, өз ерекшелігі бар.  Әлемді жайлаған коронавирус індетінің өршіп тұрған шағында қашықтықтан жұмыс жасау қиындау болғандықтан өз еркіммен бас тартып, ауылыма келіп,  Ж.Қайыпов атындағы мектепке жұмысқа орналастым. Мектептегі шығармашылық ізденіс пен баламен жұмыстың өзінше артықшылығы бар екені сөзсіз, дегенмен өз мамандығыма деген ыстық ықыласымның шексіздігі болар қазіргі таңда Еңбекшіқазақ аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде Шелек өңіріндегі тілші қызметін қоса алып жүруге келісім бердім. Сөз соңында айтарым менің аз ғана шығармашылық жолымдағы мерейімді асырған барша аға-апаларымды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Нұргүл САБАҚАНОВА,

«Еңбекшіқазақ» газетінің Шелек өңіріндегі тілшісі

Оқылды 1498 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет