Сәрсенбі, 07 Шілде 2021 10:00

30 отбасы пәтерлі болды

Есік қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Астана күнін мерекелеу аясында 30 отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Пәтер иеленгендердің басым бөлігі ата анасынан айырылған балалар, мүмкіндігі шектеулі және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.
Есік қаласының екінші шағын ауданда орналасқан 30 отбасыға арналған жаңа үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтерген. Аталмыш тұрғын үйге мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандар жақын орналасқан.

Кілттерді тапсыру барысында сөз алған аудан әкімі Әлібек Жақанбаев қоныс тойын тойлап отырған барлық үй иелеріне ыстық ықыласын білдіре отырып аудан халқын келе жатқан Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар өз сөзінде, « Бүгінгі таңда Тұрғын үй мәселелерін шешу бағыты өзінің күн тәртібіндегі басты жұмысы екенін және осы мәселені шешу барысынба ауданда жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін » баса айтып өтті. Сонымен қатар, Қазіргі уақытта Есік қаласы мен Шелек ауылында 60 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатқандығын ескертіп кетті. Яғни, жыл соңына дейін аудан бойынша үй кезегінде тұрған 180 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Бүгінгі таңда ауданымыз бойынша баспана алу кезегінде 3000-нан астам тұрғын тұр.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Оқылды 911 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет