Жұма, 09 Шілде 2021 11:38

Мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды

Өткен аптада облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, бірқатар нысандарды аралады. Әкімдіктің мәжіліс залында мәслихат депутаттарымен кездесу өткізіп, күрмеуі қиын өзекті мәселелерді талқылады, халық қалаулыларының ұсыныстарын тыңдады.

Киелі Алтын адам жеріне арнайы ат басын бұрған Жанболат Әкебайұлы, Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Сүлейменов аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов бастаған топпен ауданымыздағы ірі жобалардың құрылысымен танысты.

Есік қаласы және жақын орналасқан 8 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ететін Еңбек-шіқазақ топтық су құбырының құрылысына қаражат бөлініп, жұмыстар былтыр басталып кеткен. Жоба бойынша Бөлек, Әймен, Қарасай, Өрікті, Көктөбе, Қызылжар, Рахат, Қайназар ауылдарының тұрғындары келер жылдың мамыр айында сапалы тіршілік нәріне қол жеткізуі тиіс. Ол үшін бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі күнде құрылыс-монтаж жұмыстарының 60 пайызы аяқталып, 39 шақырымына құбыр тартылған (жалпы ұзындығы 45 шақырым). Жоба бойынша осындай ақпараттарды жеткізген мердігер «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-нің өкіліне Жанболат Әкебайұлы құрылысты уақытында әрі сапалы аяқтау керектігін тапсырды.

Есік қаласының төменгі жағындағы құрылысы жүріп жатқан 60 пәтерлі қос тұрғын үйге де арнайы барды облыстық мәслихат хатшысы. Мұндағы әрбір көпқабатты үйді салуға бюджеттен 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме «Капстройгрупп-Т» ЖШС. Мекеме басшысының айтуынша, барлық жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде, алайда, құрылыс материалдарының, әсіресе, цементтің қымбаттауына байланысты газоблок шығаратын зауыт өз жұмысын тоқтатқан. Алғашында келісім шарт жасасқан зауыт қабырға қалауға қажетті материалдарды жеткізу уақытын кейінге шегеріп келген. Осы мәселе құрылысты уақытында аяқтауға кедергі болуы мүмкін. Десек те, мердігер компанияның басшысы тығырықтан шығатын жолдарды қарастырып жатқанын жеткізді. Бүгінде құрылыс алаңында 62 адам еңбек етуде. Жыл соңында, Тәуелсіздік күніне орай 120 отбасы қоныс тойын тойлауы тиіс.

Аудан орталығында жүзеге асып жатқан осындай жобалардың барысымен танысқан Жанболат Жөргенбаев әкімдіктің мәжіліс залында VII шақырылым депутаттарымен кездесіп, өңірдегі мәселелерді талқылады. Алғашқы болып сөз кезегін алған Бекет Ахметов 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Ж.Жөргенбаев  өз кезегінде Алматы облыстық мәслихатының жұмысы, алдағы кезеңге арналған жос-парлар, «Nur Otan» партиясының «Өз-герістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан кешенді жұмыстармен таныстырды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы жаңалықтарға тоқталып, өз ойымен бөлісті.

Жиын барысында халық қалаулылары аудан аумағындағы проблемаларды айтып, оң шешімін табуға ықпал етуін сұрады Жанболат Әкебайұлынан. Айдар Алсейітов Шелек ауылындағы тозығы жеткен кәріз жүйесінің мәселесін көтеріп, оны жүргізу үшін 1,4 млрд теңге қаражат керектігін айтты. Сонымен қатар, Нұрлы ауылындағы дәрігерлік амбулатория мектеп ғимаратының бір бөлігін жалға алып, тұрғындардың саулығы жолында жұмыс жасауда, медициналық мекемеге жаңа ғимарат қажет.

Аудандық мәслихат депутаты Раимжан Ибдиминов шаруалардың базынасын айтып, суармалы су мәселесі  мен су жүретін каналдардың тозығы жеткендігін жеткізді. Тескенсу ауылындағы ескірген мектеп пен амбулаторияның жайын жеткізген Қияс  Ақберген ауыл жастарына спорт алаңы қажеттігін, су құбырының ескіргенін айтты.

– Егемендік алғалы Тескенсу ауылында бірде бір әлеуметтік нысанның бой көтермегенін ескере отырып, осы жылдар арасында Тескенсудан сайланған депутат ретінде, ауыл тұрғындарының аманатын орындау үшін жоғарыда айтылған мәселелердің шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын – деді Қияс Жапарбекұлы.

Бүгінде жұмысқа орналасқан жас мамандардың баспанаға қол жеткізуі – өзекті тақырып. Бұл бойынша ауыл жастарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы септігін тигізсе, Есік секілді шағын қалаларда жұмыс істейтін жас мамандар аталған бағдарламаға қатыса алмайды. Осылайша, жас мамандардың баспана мәселесін жеткізген Лейля Тункаева мәслихат хатшысына жастарға көмек берудің басқаша жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Мәслихат депутаты Михаил Гусев Бәйтерек ауылдық округіндегі суармалы су мен ауызсу тапшылығына тоқталды.

Қойылған сұрақтар бойынша кездесуге қатысушылар пікір алмасып, талдау жасады. Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж.Жөргенбаев сұрақтарға барынша жауап беріп, мәселелерді назарына алып, облыстық мәслихат деңгейінде қарастыру мақсатында күн тәртібіне енгізетінін жеткізді.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 971 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет