Жұма, 16 Шілде 2021 10:59

Депутат ауданымыздың жетістіктерін жоғары бағалады

Ауданымызға арнайы іс сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаты  Мақпал  Тажмағанбетова  өңіріміздің тыныс-тіршілігімен танысты. Мәжілісімен  аудан әкімі  Әлібек Жақанбаев  пен «Nur Otan» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың  серік болуында  аудандық Сайлауалды бағдарламаның  Жол картасыныдағы 2021-2025 жылдарға бағытталған  нысандары аралады. Шелек ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды.

Халық қалаулысы ең алдымен Қаратұрық ауылдық округіне атбасын бұрып, Тауқартұрық ауылындағы интенсивті тамшылап суарылатын «Rich Garden» ЖШС-ның алма бағын көзеден кешіріп алма сіркесін және   алма қытырлақтарын шығаратын цехтарының жұмысымен танысты.  Бүгінде «Rich Garden» ЖШС-ы  22  гектарға алма, 11 гектар жерге  өрік өсіруде. Мұнда Golden Delishen, Грени Смит, Айдарлет сынды алманың алты сорты өсіріледі. Жылына 650 тонна жеміс өніретін  «Rich Garden» ЖШС-да 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, сонымен қоса аталған кәсіпорында 400 тоннаға арналған жеміс қоймасы да  бар. Мәжіліс  депутатына өңірдің шаруашылық жағыдайын таныстырған Әлібек Әскербекұлы бүгінде аудан аумағындағы  интенсивті алма бақтардың көлемі 4000 гектардан асқандығын, бұл республикадағы үздік көрсеткіш екендігін жеткізді. Қаратұрық ауылдық округінің    әкімі  Айбек Ілебаев та аталған елді мекенде  ауылшаруашылығын дамыту бағытында кешенді жобалар әзірленіп  жатқандығын  айтты.

Жасыл энергетика - Қазақстанның болашағы. 2050 жылға қарай республикада шығарылатын барлық энергияның жартысы жаңартылған энергия көздерінен алынуы керек. Қазір ауданымызда  жаңартылған энергия көздерін дамыту үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Парламент Мәжілісінің депутаты бұл саланы да назардан тыс қалдырмады. Бұл заманауи құрылғылар соңғы жылдары аудан аумағында бой көтере бастады. Масақ ауылдық округінің аумағынан өтетін Шелек жел дәлізінің әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында 2017 жылы «Нұрлы ВЭС» ЖШС 7 жел электр станциясының құрылысын аяқтаған. 2018 жылы Нұрлы ауылында «Самұрық Қазына» ұлттық компаниясы қытайлық «City Construction LTD» компаниясымен бірлесіп, 2 млрд 368 млн теңгеге 2 жел электр станциясының құрылыс жобасын іске асырған. ЖЭС-тің негізгі арналуы – ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясы мен сумен жабдықтайды. Бүгінгі таңда 9 мВт қуат көзі электр қуаты тапшы Шелек өңіріндегі елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Басты артықшылығы – қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды. Масақ ауылдық округінде   «ЖерұйықЭнерго» ЖШС- ы мердігер болған, 16 миллиард теңге  инвестиция салынған тағы бір жел электр станциясының құрылысы қауырт жүрілуде. Аталған нысандарды көзден көрген Мақпал  Тажмағанбетова   ауданымыздың жасыл экономикаға қарқынды қадам басып келе жатқандығын оң бағалады.

 

Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Парламент Мәжілісінің депутаты Масақ орта мектебіне аялдағанда осы ойды тұжырымдады.  Бүгінде Масақ орта мектебінде 476 бала оқиды. 1-5 және 9,11 сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқыса, қалғаны қашықтан білім алуда. 2020 жылғы көрсеткіш бойынша, 14 түлек мектепті тәмамдап, 5 оқушы жоғары оқу орнына мемлекеттік грантты жеңіп алған. Биыл 18 түлектің 2-еуі – алтын белгі, 3 оқушы – үздік аттестатқа үміткері атаныпты. Осы жылы Масақ орта мектебін жөндеуден өткізу үшін  жобалық-сметалық  құжаттама жасалыпты. Бірақ жөндеу жұмыстары  әлі қолға алынбапты. «Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде. Бүкіл əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мəселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Сіздер осы бағытта шәкірт тәрбиелеуге күш салыңыздар»,  – дейді Мақпал  Тажмағанбетова.  

 Ауданымызды аралап, өңіріміздің тынс-тіршілігімен танысқан  Парламент Мәжілісінің депутаты  Мақпал  Мазаққызы    Шелек ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Карантиндік талаптарды сақтай отырып ауылдық әкімдіктің   қабылдау бөлмесінде өткен қоғамдық қабылдауда  «Nur Otan» партиясы  Еңбекшіқазақ аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлы мен округ әкімі Сәкен Абдыхалиевпен  бірге  ауыл ақсақалдары қатысты. Қабылдауда  ауыл ақсақалдары мемлекеттік тілдің мәртебісі, ұлт руханяты,  спорт сарайын салу, қуаңшылық  сынды маңызды мәселелерді алға тартты. Ауылдың ардақты  ақсақалы, ауданның  құрметті азаматы – Елеусіз Сұлтанғазиев биылғы қуаңшылықтың халықтың  қабырғасына қатты батқандығын жеткізді. Ұзақ жылдар өңір шаруашылғын басқарған ақсақал 1975 жылы да осындай қуаңшылық болғанын айтты. Бірақ ол кезде республикалық деңгейде әр өңірде  құрғақшылықтың алдын алу бригадаларының құрылғандығын, жұрт сол бригадаларға жұмылып, шөп жинап төрт түлкті аштықтан аман алып қалғандығын  жеткізді. Көкпті көрген ақсақал биыл да  ел көлімін жайлаған қуаңшылықты еңсеру үшін  біріншіден әр облыста қуаңшылыққа қарсы  бригада құрып, жедел шөп жинау науқанын бастау керек,  екіншіден  жеке меншік жер иелері де өз аумағындағы шөпті көптің игіліктенуіне беруі қажет екендігін, өйткені көптеген ауыл тұрғындарының жеке меншік жерлердің аумағына мал баға алмай отырғандығын тіліне тиек етті. Ел ағаларының тұшымды пікірін тыңдаған халық қалулысы бұл түйткілдерді Парламент мінберінде көтеруге дайын екендігін жеткізді. Шелек тарихи-өлкетану мұражайында  сапарын түйіндеген мәжіліс  депутаты өңірдің экономикалық және рухани дамуындағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Ауданымыздың толғай табыстарға жетуіне тілектестік білдірді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1027 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет