Жұма, 30 Шілде 2021 14:47

Алдыңғы түйенің жүгі ауыр

Қоғамдық пікір әр кездегідей екі жарылып тұрғаны рас. Тіпті екі емес, үш-төрт ұсыныстар да аз емес. «Сайлау неге керек, төменгі, яғни, округ, қала, кент әкімдерін бұрынғыша жоғары билік тағайындай бермей ме?» – дейді қоғамның бір бөлігі. Осы қоғамымыздың демократияны, яғни биліктің сайланбалы болуын қалайтын бөлігі «Іске сәт!» Әділетті басқару органдарына қолымыз жететін болды-ау!» – деп масайрайды.

Дей тұрғанмен, қоғам талабына құлақ асқан бүгінгі биліктің қадамына гүл бітсін, оң өзгерістер жалғасын тауып жатсын деген ізгі тілектер басым. Өйткені тарих тұңғиығына тереңдей үңілсек, ел басқарған ерлерді, елмен елді қарулы қақтығыстан тежеп, бірауыз әділетті сөзбен келісімге келтіре алатын от ауызды, орақ тілді шешен билерді, қол бастаған батырларды халқымыз өз ортасынан шығара білген. Міне, демократияның түпкі негізі ата-бабаларымыздың ел басқару тәжірибесінде жатыр. Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге дейін билікті сайлау тәсілімен іріктеу жолын өркениетті елдер әлдеқашан өтіп, бүгінгі біздің елде сайланып жатқан әкімдер сияқты басқару органдары – ратуша, муниципалитет, т.б. аттармен биліктің төменгі баспалдағын құрап отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің атқарушы билігін демократиялық сайланбалы жолмен құру мақсатының алғашқы баспалдағын басып, Еңбекшіқазақ ауданы 25 шілде күні он округте әкімдерді сайлау науқанын ұйымдастырып, өткізді. Төрт партия, бесінші лек – өзін-өзі ұсынушылар болып бақтарын сынады. Алғашқы сынақ, әлбетте, салмақты болары заңдылық. Дауысты сайлаушылардың алдында үйреншікті болған бұрынғы әкіміне берген дұрыс па, әлде тосыннан келіп, бағын сынаған бейтаныс кандидатты қолдаған жөн бе? Бұл үміткерлер тарапынан туындаған мәселе болса, сайлаушылар жағы әлі де белсенділіктен алшақ. Әлі де өз дауысын беріп, сайлап алған әкімінен әлеуметтік-экономикалық, мың қатпарлы сұрақтардың шешілуін талап ете алатынын түсініп болмаған сайлаушылар саны басым.

Белгілі мақалды сәл-пәл өзгертіп, алғашқы түйенің жүгі ауыр десек те, Еңбекшіқазақ ауданында көп түйіндерді шешетін жергілікті әкімдерді сайлау ұйымдасқан түрде өтті. Іске сәт!

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы.

Оқылды 1333 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет