Дүйсенбі, 16 Тамыз 2021 15:01

Тәуелсіздік тағылымы

Тәуелсіздік.

Бұл біреулер үшін жай сөз болса, біз үшін және осы тәуелсіздік үшін қан кешіп, жанын қиған нар тұлғалар үшін бүкіл әлем дерсің. Себебі тәуелсіздік алғанға дейін біз қаншама даналарымыз бен ғұламаларымыздан,  ел қорғаған жауынгер-батырларымыз бен Алаш арыстарынан, қаншама үкілі үміттерімізден, жанын шүберекке түйген қаншама қайсарлы боздақтарымыз бен мұзға алау жаққан саңлақтарымыздан айырылдық. Олардың қай-қайсысы болмасын, тәуелсіздікті қадір тұта білетін әрбір жүректе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгілікке өмір сүрмек.

Баурайынан қара жорға шайдалып бос келе жатқанда, жоқтауға толы ащы үннен, сірә, Қаратау да мөлтілдеген көз жасын тыя алмаған болар. Қазақ халқы осынау қайғы – қасіретке де, қиыншылыққа да, қуанышқа да толы болған тарихымызды арқалап, еш қиындыққа бөгелместен, ғасырлардың тар қақпасын бұзып, тәуелсіздікке де қол жеткізді. Бүгін міне, алтыннан қымбат тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр!.

Өткенін білмеген елдің келешегі болмас. Қаншама жылдар бойы жат елдің боданы болғанына қарамастан, тарихын өзгертпей, ерен ерлердің ерліктерін ұрпақтарына аманаттаған өткеннің жаршыларына да алғысымыз шексіз. Олар болмағанда, еліміздің артқа тастаған мыңжылдықтарының арғы жағы үңірейіп бос қалар еді. Сондықтан да жалқын ойлап қабағына боз қырау түнеткен бабамыздың өсиеті біздің елдігіміздің нышаны іспеттес. Біз бүгінде бақытты елміз. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халқының қамын жейтін ел басымыз бар. Тәуелсіздіктің тұмары аңқыған егемендігіміздің нышандары бар. Ертеңгі ұрпақ үлгі тұтар, елі үшін қызмет ететін азаматтарымыз, елінің тыныштығын күзеткен ержүрек жауынгерлеріміз бар. Осындай қайсар халқымыз барда тар бұғаудан босаған басымыз ешкімге иілмейді, керісінше, тәкапарлардың тізесі босағамызда бүгілмек.

Қазақ деп аталатын бұл керуен ешқашан тоқтамасын. Себебі қазақ ұлы әрі байтақ! 

Айерке Еркінқызы

 

 

 

 

 

 

Оқылды 1430 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет