Сейсенбі, 17 Тамыз 2021 15:58

Таң атпай басталатын қандай кезек?

Бүкіл Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары сонау Шелектен бастап, сондай-ақ көрші жатқан Талғар ауданынан да Есіктің орталығына таң атпай келіп, қандай кезекке тұратынын бүгінде жергілікті жұрт біліп қалған. Ол – флюорографияға кезек.

Иә, өкінішке қарай, халық саны 300 мыңнан асатын үлкен ауданда жалғыз жерде флюорография аппараты жұмыс істеп тұр. «Шынымен, солай ма?» деген сұрақтың жауабын нақтылау үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа «тегін» медициналық көмек көрсететін Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының баспасөз хатшысына хабарластық. Ол жақтан алған жауап мынандай: «Рентген сәуле шығаратын түтіктің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты флюорографиялық аппарат уақытша жұмысын тоқтатты және жөндеу жұмыстарына өтінім берілді. Жақын күндері жасалып, жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен күзде жаңа құрылғы жеткізіледі».

Бұдан бөлек ауданда МӘМС-пен жұмыс істейтін «Табиб мед» емханасы бар. Ол жаққа да хабарласып, мән-жайды білдік. Емхана басшысы Ренат Ибрагимов: «Өкінішке қарай, жүктеменің көптігінен флюорография аппаратының бір бөлшегі күйіп кетті. Жер-жерге тапсырыс беріп, оны таппай отырмыз. Сонымен қатар Ресейден 2020 жылы шыққан жаңа аппаратты сатып алдық. Ол жолда келе жатыр. Келесі аптада іске қосылады», – дейді. «Табиб мед» емханасында тіркелген халық үшін осындай жақсы жаңалық бар екен.

Ауданымызда медициналық орталықтар жоқ емес, баршылық. «Флюорография аппараты олардың бірінде болмауы мүмкін емес» деген оймен бір-бірден бәріне хабарласып шықтым. Шынымен, тек біреуінде ғана, халық таңнан кезекте тұрған – «Эскулапта» ғана бар екен. Сонымен мұндағы жайды көзбен көру үшін арнайы бардым. Сағат күндізгі 10. Флюорография орналасқан ғимараттың алды құжынаған халық. Үсті-үстіне шығып, кезектің дауын даулап, бір-бірімен айғайласып жатыр. Ал кезектің соңын сұрағандарға енді ешкімнің бекер күтпеуін, қабылдамайтынын ескертуде. Халық саябырлаған соң түстен кейін «Эскулап» директорының орынбасары Асия Тамазоваға бардық. «Мен бүгін түске дейін флюорографияға келгендерді тіркеп, сондағы қызметкерлерімізге көмектесіп келдім. Өйткені олар үлгермей жатыр. Халық өте көп. Бір күнде 120 адамды қабылдадық. Күнделікті қаншамасын қайтарамыз. Өйткені өте үлкен жүктемені ескі аппарат көтере алмайды. Адамдар мұны түсінбей бізбен дауласады. Тіпті «Аудандық ауруханамен әдейі келісіп алып, ондағылар ақылы аппаратқа жіберіп, екеуара ақша жасап отырсыңдар» дейтіндер де бар. Кезекке тұру үшін адамдар таңғы 5 жарымнан келеді. Сонау Шелек жақтан, көрші Талғардан келетіндер де көп. Міне, үш айдан бері әдеттегіден үш есе артық жүктемемен жұмыс істеп жатырмыз», – дейді А.Тамазова. Әдетте, бұл жерге күніне 40-50 адам келеді екен. Ал қазір, бір жағынан, аудандағы медицина мекемелеріндегі флюорография аппараттарының істен шыққаны бар, енді бір жағынан, жаңа оқу жылы басталар тұста студенттер мен мұғалімдердің медициналық тексеруден өтуі бар – флюорографияға деген сұраныс еселеп артқан.

Қазақта «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген сөз бар. Және осы бір сөз дәл қазіргі жағдайды жақсы-ақ суреттеп тұрғандай. Өкініштісі, осы үлкен кезекте эпидемиологиялық ахуал еш ескеріліп, санитарлық талаптар сақталып жатқан жоқ. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарнасын ай сайын жалақысынан жырып беретін жұрт жағдайдың жоқтығынан басын бәске тігіп, таңнан келіп кезегін күтіп жүр. Олардың флюорографияға алған кезекте аты жаман ауруды да жұқтырып алмасына кім кепіл? «Эскулап» қызметкерлері тексерілуге келгендердің арасында өкпесі қабынғандардың да анықталып жатқанын айтты.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Оқылды 1150 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет