Дүйсенбі, 16 Тамыз 2021 14:04

Санадағы зардап

Санадағы зардап Сурет интернеттен алынды

Қасиетті Қазақ жеріне атом ядролық бомбасы жарылғанына, міне, биыл тура жетпіс екі жыл толды. «Таң атар-атпастан қара жердің бауырын солқ еткізген дүмпу және орасан қуатты  ауа толқыны үйдің есік-терезелерін дірілдетті» деп келетін әке-шешелеріміздің естеліктері Семей өңірі тумаларының көпшілігінің естерінде қалғаны анық.

Маңдайының соры қалың еліміз небір нәубетті, небір зұлматты басынан өткеріп, Ұлық Алланың қалауымен мына бүгінгі мамыражай  күнге жетіп отыр. Осындайда Жұбан Молдағалиев атамыздың «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлеңі еріксіз еске түседі.

Кіндік қаным тамған туған жерім – Аякөз, бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданымен шектес, жарылыс ошақтарынан 200 – 300 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Радиациялық сәулемен зақымдану шкаласымен алғанда екінші категорияға жататын елді мекен. Тұрғындар үшін зардабы да үлкен болды. Бала кезімізден есімізде қалғаны әрбір сынақтан кейін орын алатын дүмпу мен жердің дірілдеуі, сәбилердің  кемтар болып дүниеге келуі, жас балалардың өлім-жітім деңгейінің өсуі, ересек адамдар арасында онкологиялық аурулардың көбеюі, өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқан замандастарымыздың артуы, мутацияға ұшыраған үй жаңуарларының төлдері дүниеге келу оқиғалары еді. Бір қызығы осылардың бірде бірі бұқаралық ақпарат құралда-рында айтылмайтын, жабық тақырып болатын.

Еліміз егемендігін алып, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия бастағанда Семей ядролық полигоны туралы жан түршігерлік ақпараттармен таныса отырып, жағамызды ұстайтынбыз. Мәселен, 1949 жылы 29 тамызда жарылған атом бомбасының қуаты 30 килотонна болған екен. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қауаты 13-18 килотоннаны, ал Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасының қуаты 20-25 килотоннаны құраған. 1953 жылы 12 тамызда жердің бетінде сыналған сутегі бомбасының қуаты 500 килотоннаны құраған, яғни Хиросимо және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларынан ондаған есе қуатты. Жалпы Семей полигоныңда 470-ке жуық ядролық жарылыстар болған. Олардың 110-нан  астамы 1949-1963 жылдар аралығында жердің бетінде ашық түрде жүргізілген, қалған 300-ден астамы жердің астында жүргізілген. Тірі куәлердің айтуынша, осы сынақтардың нәтижесінде Дегелең тауы жермен жексен болған екен. Қазақ ССР Ғылым академиясы Жоғары энергиялар институтының деректері, 1949-1963 жылдар аралығында Семей полигоныңда атмосферада және жердің бетінде сыналған ядролық зарядтардың қуаты Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының қуатынан екі жарым мың есе асып түседі дейді. Бұл жердің беті мен атмосферада жүргізілген сынақтың қуаттылығы мен оның сол мөлшердегі зияндары және   зардаптарын айқындайды. Ал мұндай жарлыстардың қаншамасы жердің астында жүргізілді. Зардабы өте орасан, жоғарыда көрсеткеніміздей адамға тікелей зияны тиюмен қатар, экожүйені, флора мен фаунаны жүздеген жылдарға қайта қалпына келместей қылды.

Жапониядағы  Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларын ұлттық трагедия ретінде қабылдап, осы трагедияның зардаптарын жоюға ерекше көңіл бөледі. Сол елді мекендердің тұрғындарына әлеуметтік-экономикалық қолдау, медицианалық қам-қорлық, қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен бірге Хиросима – Нагасаки оқиғаларының санаға түсірген таңбаларын – тарихи трагедиялық тағылым ретінде қабылдайды.

Осы орайда, Семей полигоны бойынша жоғарыда келтірілген атом бомбасы сынақтары мен оның зардаптары туралы ақпараттар, осы тақырыпқа қатысты үнемі айтылатын, қағаз бетіне түсірілген статистикалық мәліметтер болып табылатындығын, ал оның тасасында қаншама бүлінген тағдыр, түп-санаға беріш болып қатқан түйіткілдер турасында сөз қозғалмайтындығына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл өз алдына терең зерттеуді талап ететін үлкен тақырып.

Келешекте өзімізді өркендеген елдердің қатарынан көр-гіміз келсе, Семей ядролық полигонының тәни және материалдық зардаптарын жоюмен қатар, түпсанамызға тигізген рухани зардаптарын емдеуіміз қажет. Ал бұл материалдық ресурстармен қатар үлкен қажыр-қайратты талап етеді.

Тұрсын САДУАҚАСОВ,

Шелек өңіріндегі  Чернобыль және Семей ардагерлер  бірілестігінің төрағасы

Оқылды 984 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет