Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025 10:22

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың сақтық шаралары

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін ауру. Сырқаттанушылық деңгейінің көтерілуі жылдың суық мерзіміне (күз-қыс-көктем) келеді. 

       Таралу жолдары: ауа тамшылы жолмен, адамнан адамға жөтелген немесе түшкірген кезде және науқаспен қарым-қатынас (қол алысу, құшақтасу, сөйлесу т.б) арқылы беріледі.  Ауруды шақырушы вирус болып табылады. Жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмауды көп жағдайда иммунитеті қалыптасып болмаған балалар мен иммунитеті төмендеген, жасы ұлғайған және созылмалы аурулары бар адамдар жиі жұқтырады.

        ЖРВИ - жұқтырғанда жиі кездесетін көріністерге: мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел, дене қызуының көтеріліп, бас ауруы, әлсіздік.

        ЖРВИ/тұмауға тән белгілер болған жағдайда үйден шықпай (жұмысқа, оқу орнына, бала бақшаға бармай) дәрігерді үйге шақыртып көріну қажет. Жөтелгенде, түшкіргенде бір рет пайдаланатын қағаз сүлгілерді, қолданыңыз. Сыртқа шықсаңыз бетперде пайдаланыңыз. Бетперде айналадағы қоршаған ортаға вирустың түспеуін қамтамасыз етеді. Бетпердені мүмкіндігінше  әр 4 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Ауырған адамға жеке ыдыс аяқ бөліну қажет, жеке заттарды пайдаланғаннан кейін тазалап жуып, залалсыздандырып, мүмкіндік болса науқасты жеке бөлмеге оқшаулаған жөн.

      ЖРВИ/ тұмаудың мауысымы кезінде созылмалы аурулармен есепте тұрған егде жастағы адамдар мен балаларды адамдар көп шоғырланған орындарға шығуды шектеуі қажет.

       ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде келесі талаптарды сақтаңыздар: күнделікті таза ауада жаттығу жасауды, міндетті түрде еңбек пен демалу режимін орындауды, толыққанды ұйқы, тамақтану, бөлмені желдету. Жабық тұрғын үй жайлардың ауасының қарқынды алмасуы вирус санын азайтады, сонымен қатар, науқастанып қалу мүмкіндігін жояды. Бөлмелерде күнделікті ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Адам көп шоғырланған ортаға бармауға тырысыңыз. Қоғамдық орындарда бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, үйге оралған бойда қолды жақсылап сабынды сумен жуып, спирттік антисептиктермен өңдеуге кеңес береміз.

        Жіті респираторлық вирустық инфекция

     Осы қарапайым шараларды орындау, сіздің және отбасыңыздың мүшелерінің түрлі маусымдық вирустық ауа-тамшылы жұқпалы аурулардан сақтануға көмектеседі.

        

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ  

басшысының орыбасары Д.Бақберген

 

 

 

 

Оқылды 1062 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет