Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025 10:00

Жер қойнауын пайдаланатын нысандарыдың санитариялық қорғау аймағына қойылатын талаптар

Жер қойнауын пайдалану – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бұл салаға пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, жер асты сулары мен минералдық ресурстарды игеру кіреді. Мұндай нысандардың жұмыс істеуі экологияға, қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты санитариялық-қорғаныш аймағын (СҚА) белгілеу және оған қойылатын талаптарды сақтау – аса маңызды.

      Санитариялық-қорғаныш аймағы (әрі қарай - СҚА) дегеніміз не?

      Санитариялық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.СҚА – өндірістік нысан мен тұрғын аймақ арасындағы қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ететін аумақ. Бұл аймақ тұрғындар мен қоршаған ортаны өндірістік шу, шаң, діріл, улы заттар және басқа да зиянды факторлардан қорғау мақсатында белгіленеді.

      СҚА-на қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қауіптілік класына байланысты қашықтық:

Жер қойнауын пайдаланатын нысандардың қауіптілік деңгейіне байланысты СҚА келесі ең аз (минималды) қашықтықта белгіленеді:

- I класс (аса қауіпті) – 1000 м 

- II класс (өте зиянды) – 500 м 

- III класс (орташа зиянды) – 300 м 

- IV класс (аз зиянды) – 100 м 

- V класс (өте аз зиянды) – 50 м

         Бұл нормативтер "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

  1. СҚА-ның аумағында тұрғын үй, мектеп, балабақша, медициналық мекемелер салуға тыйым салынады. Мұнда тек өндірістік қызметке байланысты уақытша ғимараттар немесе инфрақұрылым орналаса алады.
  2. Қоршаған ортаны қорғау

- Ауа сапасын бақылау (шаң, газ, химиялық заттар)

- Топырақ пен жер асты суларының ластануын болдырмау

- Шу және діріл деңгейін санитарлық нормалар шегінде ұстау

  1. Экологиялық мониторинг

    Жер қойнауын пайдаланушылар СҚА аумағында экологиялық және санитариялық мониторинг жүргізуге міндетті:

- Ауа мен судың сапасын үнемі өлшеу

- Қауіпті заттардың таралу аймағын бақылау

- Халыққа әсер ету деңгейін бағалау

Санитариялық-қорғаныш аймағы жобасының құрамына қойылатын талаптар "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының 9- қосымшасында көрсетілген.

     Санитариялық қорғаныш аймағы — өндірістік нысандар мен халық арасындағы қауіпсіздік шекарасы. Бұл аумақты дұрыс ұйымдастыру және санитарлық талаптарға сай ұстау – адам денсаулығын сақтау мен экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызды шарты. Жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар бұл талаптарды сақтай отырып, өз қызметін заң аясында жүргізуге және табиғатқа келетін зиянды азайтуға міндетті.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

М.Азербаев

Оқылды 4413 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет