Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025 10:25

Оқушылардың ата-аналарына арналған ұсынымдар

         Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың тек мектепке оралуы ғана емес, сонымен қатар жаңа білім, жаңа мақсаттар мен жаңа әдеттерге бет бұруы. Ата-ананың осы кезеңде дұрыс бағыт-бағдар беруі – баланың сәтті бейімделуіне үлкен әсер етеді.

  1. Режимді реттеу:

        Жазғы демалыста балалардың ұйқы және күн тәртібі өзгеріп кетеді. Сондықтан оқу басталмай тұрып бір-екі апта бұрын күн тәртібін қалыпқа келтіру маңызды. Баланың уақтылы ұйықтап, таңертең ерте тұру дағдысын қайта қалпына келтіру оқу процесіне бейімделуді жеңілдетеді.

  1. Мектеп құралдарын дайындау:

     Сөмке, дәптер, қалам, киім-кешек сияқты қажетті заттарды алдын ала тМедиаолық дайындап қойған жөн. Бұл – баланың жаңа оқу жылына деген ынтасын оятады. Сонымен қатар, ата-ана мен бала бұл сәтті бірге өткізу арқылы өзара жақындай түседі.

  1. Психологиялық қолдау:

     Жаңа сынып, жаңа мұғалім, жаңа достар – бәрі бала үшін қобалжу тудыруы мүмкін. Сондықтан ата-аналар баламен ашық сөйлесіп, оны тыңдап, уайымдарын бөлісуіне мүмкіндік беруі керек. Қолдау мен сенім баланың өзін қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.

  1. Дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру:

     Баланың денсаулығы – оның оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Күнделікті таңғы ас ішуді әдетке айналдыру, жеміс-жидек пен көкөністерге бай тағам беру – баланың зейінін арттырып, шаршап-шалдығуын азайтады.

  1. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау:

    Қоғамдық денсаулықты қорғау үшін мектепке дайындық кезінде санитарлық талаптарға ерекше көңіл бөлген жөн:

 - баланың жеке тазалығын қадағалау (қол жуу, бет орамал қолдану, жеке тарақ және т.б.);

 -ауыз суының сапалы әрі қауіпсіз болуын бақылау (үйдегі және мектептегі су қайнар көзінің санитарлық жағдайына мән беру);

-баланың дене қызуын, жалпы жағдайын үнемі бақылап отыру;
- мектеп формасының таза әрі гигиеналық тұрғыдан талаптарға сай (ауа өткізгіш, тозуға төзімділігі жоғары, бактерия мен микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталардан) материалдан болғаны жөн;

- жіті респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау тағы басқа да жұқпалы  ауру белгілері байқалса, баланы мектепке жібермей, дәрігерге көрсету қажет;

  1. Баланың эмоционалдық күйіне көңіл бөлу:

       Жаңа оқу жылы басталған кезде кей балаларда күйзеліс, шаршау немесе өзін жалғыз сезіну байқалуы мүмкін. Ата-аналар күнделікті баласымен сөйлесіп, оның көңіл-күйіне мән беруі тиіс. Егер балада алаңдаушылық немесе жабырқаңқылық байқалса, мұғаліммен немесе мектеп психологымен байланыс орнатқан дұрыс. Ата-ана мен мектеп арасындағы ашық байланыс – баланың табысты оқуының кепілі. Мұғаліммен, сынып жетекшісімен үнемі байланыста болу, мектеп жаңалықтарын бақылау – оқу процесінің тиімді өтуіне көмектеседі.

       Жаңа оқу жылына дайындық – тек материалдық емес, сонымен қатар психологиялық және санитарлық тұрғыдан жан-жақты қамтылатын маңызды кезең.  Ата-ананың қолдауы мен қамқорлығы баланың мектептегі жетістіктеріне үлкен әсер етеді. Уақытылы дайындық, дұрыс тәрбие және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы балалардың дені сау, сергек әрі білімге құштар болып өсуіне жол ашылады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

 

 

Оқылды 2060 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық талаптар

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Необходимо четко обозначить в…

Национальная валюта должна быть защищена на конституционном уровне. Об этом на восьмом…
Ақп 05, 2026

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда…

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов…
Ақп 05, 2026

Женское крыло AMANAT участвует в…

В Центральном аппарате партии AMANAT состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде…

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске…
Ақп 05, 2026

Светское образование в Казахстане:…

В Конституции Казахстана собираются усилить защиту светского образования. Об этом во…
Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Белгілі заңгер Жаңа Конституция…

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет