Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025 10:11

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық талаптар

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады. Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзімді өнімділікті қамтамасыз ету, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін үлкен маңызға ие. Оқу процесінің тиімділігі үшін ол ыңғайлы, қауіпсіз көпфункционалды (мобильді) болуы керек.  Баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы осыған байланысты. Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы өте маңызды. Дұрыс таңдалған оқу орны сколиоздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

      Жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет. Ол үстелдің үстінде қолдың дұрыс орналасуына ықпал етуі, аяқтың еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек, орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуы тиіс, орындықта отырған баланың тізесі қысылмауы керек. Яғни, жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.

         Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмектеседі. 

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығының  талаптарына сәйкес ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтарды қоса алғанда, жиһаз және жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Спорттық, ойын жабдықтары жарамды күйде ұсталуы керек. Оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалары бар орындықтармен жабдықталады. Есту, көру қабілеті бұзылған оқушылар мен тәрбиеленушілер - тақтадан алдыңғы үстелдерге, суық тиюмен жиі ауыратындарды сыртқы қабырғадан алысырақ отырғызылады. Оқу бөлмелеріндегі жиһаз - табиғи бүйірлік сол жақ жарықтандыруды қамтамасыз етуді ескере отырып орнатылады. Негізгі жарық ағынын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және артынан бағыттауға жол берілмейді.

    Қазіргі білім беру мекемелерінің жиһаздарын төмендегідей жіктеуге болады:

       Оқу сыныптарына арналған жиһаздар: оқушының бір немесе екі орынды столдары, оқу кабинеттеріне (физика, химия, биология, шеберхана) арналған столдар, компъютерлік столдар, оқу құралдарына арналған шкафтар, техникалық құралдарын сақтауға, тақта астына қоюға арналған тумбалар, әртүрлі модификациядағы сынып тақталары.

       Кітапханаға арналған жиһаздар: кітапханаға арналған бір, екі жақты сөрелер; кітапханаға арналған жиһаздар жинағы;

     Асханаға арналған жиһаздар ;

     Оқу шеберханаларына арналған жиһаздар;

     Шешінетін (гардероб) орынға арналған жиһаздар ;

     Мәжіліс залдарына арналған жиһаздар.

      Мектептердің негізігі жиһаздары (парталар, стол мен орындықтар) баланың бой ұзындығына сәйкес әр түрлі өлшемде жасалады. Әрбір оқушы өзіне қолайлы, бой ұзындығына, көру, есту жағдайына сәйкес жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және бала партаға аяқ киімімен бірге өлшенген бой ұзындығына сәйкес отырғызылады.

    Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының (130 см бастап 15 см аралықпен бөлінген) 5 тобы бар және олар үшін жиhаздардың (әріптермен белгіленгін А,Б,В,Г,Д) 5 тобы жасалады.  Жиhаздардың әрбір тобына сандар арқылы немесе әртүрлі бояулар арқылы белгілер салынады. Сандық белгілер бөлшекпен көрсетіледі (бөлінгіште жиhаз топтары, бөлгіште бой ұзындығы) және ол жиhаздың төменгі бетіне жазылады. Түрлі-түсті белгіні жиhаздың бүйір жағына, диаметрі 25 мм дөңгелек арқылы, жиhаз өлшеміне сәйкес түрмен бояп жасайды.

       Қазіргі уақытта мектеп жиһазына қойылатын барлық талаптардың орындалуы қатаң екенін есте ұстаған жөн. Олар оқу процесін ұйымдастырудың сапасына тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар мектеп жиһазының толық қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

      Сондықтан, жиһазды таңдағанда, қолда бар сәйкестік сертификаттарымен танысу керек, бұл сізге дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

 

   Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 17 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы: "Әлемде жаңа…

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады» «Қазір дүние жүзі жаңа…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет