Сәрсенбі, 06 Қазан 2021 17:11

9 қазан – дүниежүзілік пошта күні

Еңбегі ерен қызметкер

Ақпараттық технология  дамыған заманда бүгінгідей пошташының жолына қарап, хат күтетін кезеңдер артта қалды. Бір қарағанда пошта қызметінің маңызы азая түскендей. Алайда, халық әлі де бұл қызмет түріне жүгінеді. Поштаға барады, сәлемдемесін салады, басқа да көптеген қызмет алады. Осыдан-ақ аталмыш мамандардың еңбегі өлшеусіз екенін аңғаруға болады.

Жәмила Үсенова 2006 жылдан бері Шелек өңіріндегі пошта бөлімшесінде қызмет атқарып келеді. Жауапкершілігі мол, еңбекқор, өз міндетіне бейжай қарамайтын қасиетке ие маман бірде-бір тұтынушыны назарынан тыс қалдырмайды. Жұмысын ыждаһаттылықпен, ұқыптылықпен атқаруының арқасында пошта қызметін пайдаланатын тұрғындар тарапынан тек жақсы бағаға ие. Өңір жұртшылығы пошта бөлімшесі ұсынып отырған барлық қызмет түрлерін пайдаланып отырады. Бұған да Жәмиланың қосып жатқан үлесі зор. Бұл ретте  Жәмила Нұрғалиқызы: «Бүгінгі таңда пошта қызметі уақыттан қалыс қалмай, сапаға, тиянақтылыққа мән беріп келеді. Пошта қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыра отырып, сол арқылы қызметін де жақсартуға күш салады. Мен барлық әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Оларға өнімді еңбек, зор табыс тілеймін», – дейді.

 

 Сала үздігі

Пошта саласы сағынышқа толы хаттар мен сәлемдемелерді жеткізумен қатар жұрттың күнделікті өмірімен біте қайнасқан өзекті қызметтерді де өз құзіретіне алған. Сондықтан пошта торабындағы қызмет көрсету саласына кәсіби біліктілікпен бірге көптің көңілін тауып, тіл табыса білетін шеберлік те қажет.

Міне, жұрт көңілінен шыққан сондай үзіктердің бірі – Татьяна Солодовник. Пошта саласында 11 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Татьяна Александровна сан мәрте облыстық және аудандық үздік қызметкер ретінде  танылған. Бүгінде ол – аудандық  пошта торабының халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі.

– Қазір біздің қызметке жүгінетін тұрғындар тым көп. Поштаның қызмет көрсету саласы заман талабына сай түлеп, түрленіп келеді. Біз мүмкіндігімізше сапалы қызмет көрсетуге барымызды салып келеміз», – дейді үздік пошта қызметкері.

 

 

                               Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1056 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет