Бейсенбі, 18 Қараша 2021 14:09

Қаланың сәні мен сәулеті артуда

Бүгінде аудан орталығын абаттандырумен бірге бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүргізу қолға алынған болатын. Бұл игі шаралар Есік қаласының сәні мен сәулетін арттырып, аудан орталығының тыныс-тіршілігіне өзгеше өң бермек. Жақында аудан әкімінің орынбасарлары Алтай Досымбаев пен Асыл Ваисов қала басшысы Айдар Бошкуловпен жаңа  құрылыс нысандарын аралады.

Алтын адамның атамекені саналатын Есік қаласындағы бірқатар нысандар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бой көтермек. Айталық Т.Молдағалиев атындағы  аудандық мәдениет үйінің жанында биіктігі 33 метр болатын Тудың тұғыры салынуда. Көк аспанда желбіреген көк Тудың жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялататыны сөзсіз. Тәуелсіздіктің сыйы ретінде қолға алынған бұл жоба желтоқсан айының басында толығымен аяқталмақ.

Есік қаласындағы орталық стадионды заман талабына сай күрделі  жөндеуден  өткізу үшін 30 млн теңге  бөлініп, жобалық-сметалық  құжаттары   әзірленген болатын. Бүгінде бюджеттен 90 миллион теңге қаржы бөлінген  стадионның күрделі жөндеу жұмыстарын «Жан-Ерке и К» ЖШС қолға  алған. Мердігер мекеме өкілдерінің сөзінше алдағы уақытта стадионға газон  төселіп, арнайы жарық шамдары орнатылады. Жаңғырған стадион жыл соңында тұрғындар игілігіне табысталмақ.

Арнайы топ аудандық өрт сөндіру бөлімінің маңындағы 8 метрлік көше сағатының құрылысын да назардан тыс қалдырмады. Бюджеттен 8 миллион теңге бөлінген жобаның айтарлықтай бөлігі еңсерілген. Жоспарға сай көше сағатының маңы абаттандырылады. Ол аумаққа демалу мен шынығуға арналған  құрылғылар  орынатылады. Мердігер мекеме өкілдерінің сөзіне қарағанда жоспарға сай қарашаның соңында жұмыс толығымен аяқталады.

Аудан әкімінің орынбасарлары үшінші ықшам ауданды абаттандыру жұмысымен танысты. Бюджеттен 100 миллион теңге қаржы қарастырылған  бұл жобаның мердігерлері «SMK SHEBER» ЖШС мен  «Hadid» ЖШС. Аталған ықшам ауданды абаттандыру жұмысы аясында М.Ысқақ көшесіне асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арнайы жол салынбақ. Жол жиегіндегі үйлердің маңына шағын ойын алаңдары бой көтеріп, автотұрақтар да назардан тыс қалмайды. Сонымен қоса, аталған көшеге шамдар орнатылады.

Тарихы терең құт мекенде өткенімізден сыр шертіп, Тәуелсіздігімізді тәу ететін еңселі  ескерткіштердің бой көтеруі көп көңілін шаттандырса керек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандарға арналған  тұғыры биік ескерткіш қала орталығынан бой көтермек.Бюджеттен 69 миллион теңгеге қаржы  жұмсалған ескерткіш пен саябақ құрылысына жауапты «А.С. Sapa Kurylys» ЖШС өкілдері жыл соңына дейін жобаны тас-түйін  дайын етеміз дейді. Жоспар бойынша ескерткіш маңындағы саябаққа гранит төселіп, көшеттер отырғызылады. Айнала толық түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, субұрқақ орнатылып, аумақ абаттандырылады.

Әкім орынбасарлары жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысан-дарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, жұмыстың сапалы әрі дер кезінде атқарылуын ескертіп, мердігерлерге  тиісті тапсырмалар берді.

 

Е.АСЫЛ

Оқылды 1212 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: Аудандағы ахуал COVID-19: Аудандағы ахуал »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет