Жұма, 10 Желтоқсан 2021 14:36

Алматы облысында «Ең үздік ауыл әкімі» анықталды

Халқының бабын тауып, барын берген атқамінерлер, «Бесінші аймақ» тәуелсіз ақпараттық порталының нұсқасы бойынша, лайықты марапаттарына ие болды. Бүгін облыс орталығындағы «Журналистер үйінде» бұқараның базыналы мәселесінің күрмеуін шешіп, түйінін тарқатып жүрген үздік әкімдер тұғырдан табылды.

Еңбегімен ер атанып жүрген әкімдер арасындағы аламан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде жүзеге асты. Ғаламторы ғаламат, желісі жүйрік қоғамда, басшылар арасындағы басты бәсекеде қатысушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігі мен тұрғындардың сауалына жылдам жауап беруіне басым назар аударылды.
«Бесінші аймақ» ақпараттық сайтының директоры Анвар Алдашевтің айтуынша, дәл осы ауыл әкімдері мемлекет пен қоғамның коммуникациясында алдыңғы қатарда тұр. Қос тарап «тонның ішкі бауындай» болып біртұтас дамуы, ел дамуының негізгі тетігі болып табылады.
«Бүгін біз байқау жеңімпаздарын ғана емес, мемлекет саясатын ең жақсы түрде жүзеге асыратын табысты басқарушыларды да марапаттаймыз. Жалпы, сәуір айынан бастап дауыс беруге 250 мыңнан астам интернет желісін пайдаланушылар қатысты, бұл бүкіл облыс халқының 10% - дан астамын құрады», - деп бөлісті Анвар Алдашев.
Әлеуметтік желідегі дауыс беру нәтежиелері бойынша, елінің бағын жандыру арқылы өзіде бақытқа кенелген жандар жеңімпаздар қатарынан табылды. Атқарған жұмыстары ел көңілінен шыққан билік иелері бір дегенде бірнеше марапатты қанжығаларына байлады. Солардың бірі, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Рахат ауылдық округінің әкімі Қуат Ақшабаев. Ол «Үздік сумен жабдықтау әкімі», «Электрлендіру бойынша үздік әкім», «Халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі үздік әкім» деген үш бірдей аталымда топ жарды.
Ал, «Ауылдық елді мекенді жарықтандыру бойынша үздік әкім» және «Аудан тазалығы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік әкім» номинациясының иесі Еңбекшіқазақ ауданының, Қаратүрік ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебай атанды.
Сонымен қатар, «Алматы облысының үздік аудан әкімінің аппараты» номинациясында Көксу ауданы жеңіске жетті.
Саясаттың сұрмергендерінің арасында өтен сайыста, «Алматы облысының әлеуметтік желідегі үздік ауыл әкімі -2021» атағы мен 1-дәрежелі диплом Мәулен Базалиевқа бұйырды. Ол Көксу ауданы, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.
Ендігіде, әкімдердің рейтингтері республикалық, облыс және ауданішілік болып бөлінетінін болады. Алдағы уақытта әрбір адам AKIMY.KZ жаңа мобильді қосымшасында ақ жағалылардың жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік алады.

Оқылды 1047 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бас құндылығымыз – Тәуелсіздік Еркін елдің ұлдарымыз »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет