Жұма, 14 Қаңтар 2022 14:54

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЕГІЗІ – БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАЙЫҚ

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11 қаңтарда өткен отырысында: «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет» - деп атап өткен болатын.

Сондай-ақ, Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар Президент әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мемлекет пен халық арасындағы тең диалог арқылы мүмкін болатынын бірнеше рет атап өткен еді.

Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Расында, бүгінде халқымыз басынан ауыр кезеңді өткеруде. Осындай сын сағатта қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмай,  бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті бізді барша әлемге танытатын елдік болмысымыздың кепілі екендігіне назар аударуымыз қажет. Соданда болар, дана халқымызда «Бақыт - бірлікте, байлық - еңбекте» деген өнегелі сөз бар.Сондықтан еліміздің болашағы, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер талмай еңбек етуіміз қажет. Бұл орайда ел ішіндегі жарастығымыз, татулығымыз да алдағы жетістіктердің бастауы болмақ. Сонда ғана біз тәуелсіздігімізді сақтап, кемел болашақтан үміттенеміз.

Халық қазір билікке сенім артып, нақты нәтижелерді, бағдарлы жұмыстарды, ортақ диалог пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күтіп отыр. Оның ішінде ең негізгі мәселе – елдегі тұрақтылықты сақтау.

Біз сол сенім үдесінен шығып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел мүддесін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдеріне қолдау көрсетуіміз керек. Осы тұрғыда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутттары, соның ішінде ??? ???? партиясының белсенділері осы мақсаттарда қоғамдық бастамада түрлі бағыттарда мүмкіндігі келгенше көмек көрсетуді жалғастыруда және Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бір кісідей болып жүктелген міндеттемелер бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға дайын.

Сөз соңында, халқымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу түтету – елдік міндет, бағымыздың жанбағы Мәңгілік еліміз, ортақ Отаныз – Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі етіп, барымызды бағалай білуімізге байланысты екендігін атап өткім келеді. Біз «мың өліп, мың тірілген» ұлтпыз. Рухы күшті, рухы мықты халықпыз. Тар жол тайғақ кешу кезеңдердің барлығында да осы рухымыз жасымады. Қайсарлық, күш- қайратымыз қайралып, қиындықтарға төзіп, табандылық жасап, жаудан тайсалмайтын мінез көрсеттік. Дәл осы тұста  Тәуелсіздік пен егемендік екінің біріне беріле бермейтін бақ екендігін баршаңыз жақсы білесіздер.Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді.

Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз керек. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қадірін білуіміз керек.

Бұл халқымыз үшін өте жауапты кезең екендігі сөзсіз. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысына қолдау көрсету.

Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек.

Алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылыдығымыз, бірлігіміз арта берсін. Баршаңызға амандық тілеймін, қиындықты бірге еңсерейік.

 

Бекет Төлегенұлы АХМЕТОВ,

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы

Оқылды 991 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет