Сенбі, 05 Наурыз 2022 16:41

Сұлулық саласы жан-жақтылықты талап етеді

Нарықта жоғары сұранысқа ие саланың бірі – сұлулық индустриясы. Сәт сайын жаңалықпен толысып, күннен-күнге қарқын алып келе жатқан салада қазақстандықтардың да өз үлесі бар. Әсіресе, соңғы жылдары көп жанның, оның ішінде, негізінен, жастардың кәсіп бастап, кәсіпкер атануына себепші болып отырған да осы – сұлулық индустриясы. Аталған салада ауданымызда кәсібін дөңгелетіп жүрген, өз ісінің шебері – косметолог-дәрігер Айдана Кебекбаевамен кездесіп, кәсібі жайлы әңгіме өрбіттік.

Әр адам, әсіресе, жаны нәзік қыз-келіншектер қауымы сұлулыққа құмар ғой. Жан сұлулығымен қатар тән сұлулығына да ерекше көңіл бөліп, әрдайым әдемі болып жүруге талпынамыз. Айдананың да сұлулық салонын ашып, бүгінгі кәсібін бастауына осы бір талпыныс себепші болыпты. «Кішкентайымнан әдемілікке құштар болдым. Сәннен қалмай, келістіріп киініп, сыртқы келбетіме көңіл бөлгенді жақсы көрдім. Студент кезімде тырнақ бояу мен жасауды өз бетімше үйреніп, Есік қаласында алғашқылардың бірі болып тырнақ жасап жүрдім» деген кейіпкеріміз жоғары оқу орнында заңгер мамандығын игеріп, сол салада бірнеше жыл қызмет еткен. Кейін медициналық білім алып, ауруханада жұмыс істеген. «Бірақ жүрегімнің қалауы – сұлулық саласы болды. Сондағы атмосфера мен онда болатын барлық процесс ұнайтын. Ауруханада жұмыс істеп жүргенімде бет әрлеу, қас-кірпікке перманентті макияж жасау сынды бірнеше курс оқып, қатты қызығып жүрдім. Кейін декретке шығып, бала күтімімен үйде отырғанда ойымдағыны қолға алуға, қосымша іспен айналысуға мүмкіндік туды. Әрі бұл жоғары сұранысқа ие сала екенін де ескердім. Осылайша 6 жыл бұрын қас-кірпікке перманентті макияж жасау қызметімен сұлулық саласында өз ісімді бастап кеттім. Медициналық білімім барын айттым, соны жетілдіріп, курстарға қатысып, біліктілігімді арттырып, бүгінде косметолог-инъекционист, дерматолог дәрігер ретінде қызмет ұсынамын. Ал болашақта пластикалық хирург болу үшін оқуымды, ізденуімді ары қарай жалғастыра бермекпін», – дейді Айдана.

Іздену мен оқу демекші, кейіпкеріміздің көптеген курсқа қатысып, өз ісінің мықты-майталмандарынан білім алып, білікілігін арттырып отыратынын шағын бөлменің қабырғасында тізіліп тұрған сертификаттардан да байқадық. «Сұлулық саласы бір орында тұрған жоқ. Күннен-күнге жаңа тренд пайда болады. Соған сай сұраныс та кешегіден бөлек. Сұранысқа сай қызмет ұсыну үшін үнемі біліктілікті арттырып, жаңаны үйреніп отыру керек. Одан бөлек тек бір қызметпен шектелуге тағы болмайды. Қазір адамдардың уақыты жоқ. Мысалы, қас жасату үшін бір маманға, кірпік жапсыру үшін екіншісіне бару қосымша уақытты талап етеді. Оның орнына бар процедураны бір жерден жасатып кету ыңғайлы. Сондықтан сұлулық саласында сұранысқа сай болу үшін бесаспап болу да маңызды» деген Айдана бүгінде тұтынушыларына косметология мен эстетикалық медицина саласының бірқатар қызметтерін ұсынады. Ұсынатын қызметінің көптігіне қарай кейіпкеріміздің клиенттері де көп. Тіпті басқа қалалардан, шетелден келетіндер де бар екен. Оның сырын Айдана: «Біріншіден, әрине, біліктілігіме көз жеткізген клиенттерім шетелде, өзге қалада жүрсе де, бос уақытымды күтіп, маған жазылады. Ал, екіншіден, мендегі қызмет бағасы үлкен қалаларға қарағанда әлдеқайда арзан» деп түсіндірді.

«Сұлулық саласында нәпақамды табамын» деушілерге Айдана білгенімен бөлісіп, арнайы курс ұйымдастырады. Оның сабақтарын да сырттан, шетелден келіп оқыған шәкірттері бар. Қаршадай қазақ қызының мұндай жетістіктеріне іштей қуанып қайттым.      

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

 

Оқылды 1222 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет