Бейсенбі, 27 Қазан 2022 10:43

Газет ісі – ел ісі

Ақпарат құралдарының өкілдеріне деген бұқараның сенімі жылдан-жылға арта түспесе, кеміген жоқ. Халық қоғамдағы күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқату үшін кейде БАҚ-ның көмегіне жүгініп жатады. Бұл баспасөздің төртінші билік деңгейінен түспегендігін көрсетсе керек. Газет – әу бастан шындықтың айнасы, адамгершілік пен ізгіліктің үлгісі. Жаңа жылдан бастап  Алматы облысының «Алатау арайы» атты газет  жарық көрмек.

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде облыстық «Алатау арайы» газетінің ұжымымен кездесу өтті. Жүздесуге аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары – Әлия Құрманбайқызы, «Алатау арайы» облыстық газетінің редакторы – Роза Қараева, «Алатау news» сайтының редакторы – Қатира Қабулова, «Огни Алатау» газетінің редакторы – Хасан Еспанов, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, «Алатау арайы» облыстық газетінің ауданымыздағы меншікті тілшісі Болат Мәжит, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен мектеп директорлары қатысты. Ең әуелі аудан әкімінің орынбасары Қуат Қарабайұлы жаңа шаңырақ көтерген облыстың жаңалығына жаршы болатын басылымның ел ішінде кеңірек насихатталуына әр азамат атсалысулары тиіс екенін айтты. Өз кезегінде «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары – Әлия Құрманбайқызы мен «Алатау арайы» облыстық газетінің редакторы – Роза Қараева келер жылы оқырман қауыммен қауышатын «Алатау арайы» газетінің жай-жапсарына тоқталды.

– Аталған  газет  жыл ортасынан бері «Жетісу» газетінің қосымшасы ретінде жарық көріп келеді. Ал жаңа жылдан кейін дербес мерзімді басылым ретінде өз оқырмандарына жаңалықтар ұсынбақ. Бүгінде жаңа құрылған облыстың экономикалық-әлеуметтік даму бағыты айқындалып келеді. Сол үшін аймақтың күнделікті тыныс-тіршілігін жұртшылыққа жеткізудің маңызы зор, – дейді «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары Әлия Құрманбайқызы. Ал «Алатау арайы» облыстық газетінің редакторы Роза Қараева басылым алда өңірдің тыныс-тіршілігінен бөлек, ұлт руханиятына, шығармашылыққа да ден қоятынын жеткізді. Кездесуге қатысқан аудан жұртшылығы да өз ойларын ортаға салды. Қазақстанның құрметті журналисі Хайролла Қасымұлы енді ғана ірге қалап жатқан облыстық «Алатау арайы» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өңірлік  басылымдардың ел өміріндегі алар орнын сөз етті.

– Жаңа ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технология қарқынды дамып, жаңа медиа – сайт-порталдар мен әлеуметтік желілер жаңалық таратудың платформасына айналды. Ақпараттық тасқын күшейген тұста, газеттің беделі оқырман санымен өлшенетіні анық. Қалай десек те газеттер күнделік өмірдің үнжариясы болумен бірге, ұлттың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының айнасы, тәрбиенің  көзі болып қала береді. Сондықтан азаматтар газет ісіне атүсті қарамау керек, – деді ардагер журналист.

Кездесуде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Құсайынов жаңа басылымға дем беру үшін жергілікті ерікті тілшілер қосын көбейтуді, кейбір өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмауды айтты. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Омарова өңірлік баспасөздің белсенді оқырманы екенін айтып, газет ұжымына ыстық ықласын білдірді. Қалай десек те, газет ісі – ел ісі. Жиналғандар өңірлік басылымдарға барынша қолдау білдіретінін айтып тарқасты.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3335 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет