Бейсенбі, 03 Тамыз 2023 16:25

Қарызсыз қоғам

Жасыратыны жоқ, көп отандастарымыз қаржыны қалай басқару керектігін, «несие» ұғымының астарында не жатқанын нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Сондықтан, «AMANAT» партиясы «Halyk Bank» бастамасымен жүзеге асыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы  аясында облыс деңгейінде қарқынды жұмыстар жүргізуде.

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы – ауыл, қала тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленген жоба. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдарын, қаржы пирамидасы мен түрлі алаяқтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын түсіндіруде. 

«Бұл жоба аясында адамдар бизнес жоспар құруға, жеке және отбасылық бюджеттің құрастырылуын, қаржылық мақсаттарды дұрыс қою мен оған жету үшін жасалатын қадамдарды үйреніп шығады. Жобаға қатысушылардың 95 пайыздан көбінде банк пен микроқаржы ұйымдарында берешектері бар. Олардың нәтижесін талдау барысында бір отбасында 5, 10 тіпті 16 несиеге дейін бар екенін аңғардық. Олар бір кредиттен құтылу үшін келесі кредитті алып отырған. Жобаның мақсаты да сол – адамдарға өздерінің кіріс-шығыстарын есептеуге, қаржылық сауатты болуға үйрету. Елді-мекендердің түпкір-түпкіріне барып, біз, қаржылық сауаттылыққа үйретеміз. Сондықтан, бұл жоба өзінің нәтижесін береді» – деді қаржы кеңесшісі Замзагуль Айнабекқызы.

Бүгінде Алматы облысында атап айтсақ, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Кеген аудандарында 7 қаржылық сарапшы жұмыс істейді. 2-мамырдан  бүгінгі күнге дейін 3500 адам қаржы кеңесшісінің көмегіне жүгінген.  Алматы облысында 8500 адамды «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасында оқыту жоспарлануда.

Айта кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы «Halyk Bank»-пен бірге «Қарызыз қоғам» жобасын бастаған  болатын. Жобаны  «Halyk Bank» қаржыландырады. Мақсаты – азаматтардың қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.  Курсқа жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласу керек. Жобаға қатысушылар дүйсенбі-жұма аралығында 5 күн бойы оқытылады.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

 

Оқылды 1594 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет