Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2023 11:04

Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – "АНА ҮЙІ" ҚҚ бағыттарының бірі.

Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – "АНА ҮЙІ" ҚҚ бағыттарының бірі. Агенттіктің мақсаты-Қазақстандық қоғамда қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау,сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту.
Қазақстанның 20 қаласында кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді.
Қормамандары өз отбасыларына мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларды қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) консультациялық көмек көрсетеді. Барлық сұрақтар бойынша 1422 колл-орталығы жұмыс атқарады.


Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде (бұдан әрі – ҚАМ) әлеуетті асырап алушыларды дайындайды, ҚАМ-да олар жас психологиясы туралы, қабылданған баламен байланыс орнату және бүкіл отбасының жаңа өзгерістерге жұмсақ бейімделуі жайлы құнды білім алады.
Осындай жауапты қадамға бел буған азаматтардың барлығы Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтуі қажет.
ҚАМ мақсаты–ата-аналарды мекемеденбаланы қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өздерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, қабылдаушы ата-ана болуға дайындығын түсіну.
ҚАМ өту барысында үміткерлер қабылданған баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы түсінік алады; қабылдаушы ата-ана ретінде өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсінеді; отбасына қандай баланы қабылдай алатынын және қандай қабылдау түрі қолайлы екенін түсінеді.
Балаларды орналастыру саласында кешенді тәсіл өте маңызды. Үміткерді оқытып қана қоймай, оған қанша қажет болса, сонша сүйемелдеу жұмыстары көрсетіледі. Сондықтан, біздің жұмысымызда міндетті бағыт – қабылдаушы отбасыға сүйемелдеу көрсету. Жұмыс тәжірибесінен білетініміз, бала отбасына келгеннен кейін ең қиын кезең - бейімделу басталады. Осы уақытта психолог пен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның отбасыға кәсіби сүйемелдеу көрсетуі өте маңызды.
Сүйемелдеудіңәртүрлі формалары бар-бұл отбасына бару, мамандармен кездесу, психологиялық кеңес беру және т.б. Сүйемелдеубаланы қайтарудың алдын алу шарасы ретінде қажет.
Отбасында балалар үйінен келген баланың жарақаттары ашыла бастайды. Біздің психологтардың айтуынша, "бал айы" аяқталғаннан кейін, бұл әдетте бір, екі, үш айдан соң барлық отбасыларда "үйренісу"басталады. Осы кездеқабылдаушы отбасыларға қолдау мен көмек қажет. Біздің психологтар әр отбасына көмектесуге тырысады.
Бүгінгі таңда Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегімен қазақстандық отбасыларға 1802 бала орналастырылды (бұл цифра үнемі өсіп келеді)
2022 жылдың мамыр айынанбастап пилоттық жоба іске қосылды.
Пилоттық жоба – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі жәнедаму ерекшеліктері бар балалардыотбасына тәрбиелеуге қабылдауды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыруға және қолдауға бағытталған "АНА ҮЙІ" ҚҚ қайырымдылық бастамасы.
Жобаны 3 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қандай көмек көрсетеміз:
- Қабылдағаннан кейін балаларды оңалтушы дәрігерлердің тексеруінен өтуді ұйымдастырамыз
- Балалардың медициналық оңалтудан және (немесе) педагогикалық түзетуден өтуі үшін төлем жүргіземіз
- Балалардың ота еміне төлем жасаймыз (қажет болса)
- Қабылдаушы отбасыға консультациялық және ақпараттық көмек көрсетеміз.

Оқылды 1623 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет