Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2023 15:37

Менің ауылым — Қазақстанның бір бөлшегі

Өткен аптада Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде аудандық қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен, облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» атты этносаралық бірлік кездесуі өтті. Шараға спикер ретінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», «Алматы облысының Құрметті азаматы», қоғам қайраткері, тіл жанашыры Осман Асле Әлиқызы арнайы шақырылды.

«Тілдік және этникалық белгілері бойынша арнамыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасының аясында өткізілген кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар, аналар және медиация кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, этно-мәдени орталықтардың төрағалары мен мүшелері, аудан тұрғындары, жастар қауымы қатысып, тағылымды әңгімемен сусындады.

– Бүгінгі таңда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы елге айналып отыр. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиет. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда – деп, еліміздің ынтымақтастық пен бейбітшіліктің символына айналғанын атап өткен Бота Серікқызы алғашқы сөз кезегін кездесудің құрметті қонағы Асле Османға ұсынды.

– Баршаның баласын бауырына басқан қазақтың дархандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған. Солақай саясаттың құрбаны болып еріксіз жер аударылған бізді жатсынбай, қолындағы қара нанын бөліп берген Алаш жұртының бұл әрекеті – үлкен тәлім, тәрбие. Ұлы сөзін ұлтына, жылы сөзін жұртына арнаған қазақ халқы Сталин жылатқан ұлттарды жұбатқан. Осындай дархан халыққа деген біздің сеніміміз де, түйсігіміз, оған деген ықыласымыз да, ниетіміз де өзгеше болуы керек. Сол өзгешелікті бірлікте, достықта, татулықта ғана көрсете аламыз – деген Асле Осман елімізді гүлдендіруде бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажеттігін айтты.

Ұлты әзірбайжан болса да, жүрегі қазақ деп соққан Асле Әлиқызы кездесуге келген жастарға еңбекқор болу керектігін айтты. Сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта білім ордасында болсын, отбасында болсын баланы еңбекке баулу жағы ақсап тұр. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Ал еңбектенбеген халық ешқашан дамымайды. Еңбек – кемел келешектің, жарқын болашақтың кепілі. Осыны айтқан Асле Әлиқызы студент жастарға көп кітап оқып, үлкендерден тәлім-тәрбие алып, білімді шыңдап, жетістікке жету жолында аянбай еңбек ету керектігін жеткізді.

Тақырыпқа сай әңгіме тетігін ағытқан кездесудің құрметті қонағы ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін сипаттап, ауыл – алтын қазық екенін айтты:

– Тумысынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, ешкімді жатсынбайтын, бөлмейтін-жармайтын, бар-шаның баласын бауырына басқан, аразды татуластырған, алысты жақындастыратын бір халық болса, ол – қазақ халқы. Мен үшін қазақ халқы бәрінен жоғары. Бүгінде осы құндылықтың барлығы қазақстандықтардың бойында сақталған. Әсіресе, ауыл жұртының. Тәлім мен тәрбиенің, инабаттылық пен ибалықтың, салт пен дәстүрдің, еңбек пен адал тіршіліктің алтын бесігі болған ауылдарымыз өз құнын жоғалтпақ емес. Сондықтан «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» деген бүгінгі кездесудің тақырыбы ұтымды қойылған. Ауыл – елдің жүрегі, қазақылықтың қайнар көзі – деді Асле Осман.

Кездесу барысында этносаралық татулық және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, этносаралық коммуникацияның тиімді құралдарын қалыптастыруға жаңа серпін берумен қатар, мемлекеттік тілді құрметтеп, қоғамдағы рөлін арттыру, жастарға патриоттық бағыттағы тәрбие беру мәселесі көтерілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Серікқызы облыс аумағындағы этносаралық тұрақтылық жайында сөз қозғап, статистикалық мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, сөз кезегін алған ақын-жазушы Шаяхмет Құсайынұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Исатаева, ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар, аудан жастары Асле Әлиқызына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 1477 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз! Кездесу »

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет