Жұма, 03 Қараша 2023 10:12

Белсенді қарттар ұзақ өмір сүреді

Асыл қазынамызға айналған қарттарға жағдай жасап, құрмет көрсету – баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы мақсатта биыл Есік қаласында Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылған болатын. Жуырда аталған орталықта «Егде жас демографиясының өсіміне әлеуметтік-психологиялық әсер ету жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Алдымен орталықтың тұрақты қатысушылары – қарттарымызбен тілдескен қонақтар олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асты. Өз кезегінде егде жастағы аза-маттардың басын бір арнаға тоғыстырып, саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік жасаған мемлекетке ризашы-лығын білдірді орталық қатысушылары.

Дөңгелек үстелде алғашқы сөз кезегін алған Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова Белсенді ұзақ өмір орталықтары оң нәтижесін беріп жатқанын айтты.

– Қоғамның дамуы қоғам-ның қарт адамдарға деген қарым-қатынасымен өлшенеді. Мемлекеттік саясатта өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бойынша нақты мақсат қойылды. Нәтижесінде соңғы жылдары халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы артқанын көріп отырмыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін облыс аумағындағы әр ауданда Белсенді ұзақ өмір орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың басында ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қонаев қаласындағы жалғызілікті кісілерге және мүгедек қарттарға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Сол жерде Сенат спикеріне осы орталықты слайд арқылы көрсетіп, оң бағасын алдық. «Мүмкіндік болса, еліміздегі әр аудан мен қалаларда осындай орталықтарды ашуымыз қажет» – деген ұсынысын біл-дірді М.Әшімбаев. Қазір барлық аудандарда осындай орталықтарды ашу жоспарланып отыр – деді басқарма басшысы.

Жиын барысында Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Ж.Сакташева баяндама жасап, егде жастағы адамдар арасындағы жас демографиясының мақсаттары мен міндет-терін, сондай-ақ орталықтың 5 жылдық даму жоспарын көпшілік назарына ұсынды.

Орталықтың әдіскер-статисті  Н.Чектибаева статистика-лық мәліметтермен бөлісіп, геронтопсихолог К.Елшибаева орталықтағы қызметтерге барғаннан кейін қарттардың эмоционалды және стресске төзімді жағдайына салыстырмалы талдау жасады. Сонымен қатар, К.Елшибаева мен Ж.Сакташеваның авторлығымен жарыққа шыққан «Геронтопсихология бойынша Практикум» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстел барысында көрсетілетін қызметті алушылар өз пікірлерімен бөлісіп, денсаулықтарының жақсарғанын растады.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Г.Жошыбаева орталық жұмысының қажеттілігі мен маңыздылығы туралы айтып берді.

Ақын-жазушы Ш.Құсайынов өз сөзінде орталықтың қыз-метіне барғаннан кейін жақсы нәтижеге қол жеткізіп, денсау-лығының түзелгендігін айтты. Сондай-ақ, Есік қаласы ақса-қалдар кеңесінің төрағасы  С.Сыпатаев өз сөзінде қарттар-дың бос уақытын тиімді өткізуге әрі белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасап отырған басшылыққа ризашылығын білдірді.

Дөңгелек үстелдің соңында қызмет алушылардың осындай орталықтың қажет немесе қажет еместігін білу мақсатында  «Менің ойым» атты шеберлік сыныбы өткізілді.  Шеберлік сыныбының нәтижесі Белсенді ұзақ өмір орталықтары елімізге қажет екенін көрсетті.

Айта кетейік, Есік қала-сындағы Белсенді ұзақ өмір орталығы Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлес-тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен 2023 жылдың ақпан айында өз жұмысын бастады. Ағымдағы жылдың 16 маусымында салтанатты ашылуы өтті. Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы азаматтарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық сауықтыру, спорттық және бос уақытты тиімді өткізу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған егде жастағы адам-дардың белсенді өмір салтын қолдау. Орталықта 18 қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтсақ, йога, сауықтыру және ұзақ өмір сүру психологиясы, би, жадты нығайту техникасы, цигун, скандинавиялық серуендеу, вокал және хор, емдік дене шынықтыру, қазақ және ағылшын тілдері, психолог пен заңгер кеңесі, еңбек терапиясы және сәндік-қолданбалы өнер, тоғызқұмалақ және шахмат, актерлық шеберлік, аква аэробика, теннис.

Қазіргі таңда орталыққа 332 қызмет алушы тіркелген, оның ішінде 72 ер азамат, 260 нәзік жандылар.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 768 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет