Бейсенбі, 01 Ақпан 2024 14:32

AMANAT: Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты Багдат Рахимов есеп берді

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі  Багдат Рахимов  БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.

Өз кезегінде халық қалаулысы брифингтің негізгі мақсатына тоқталып, фракция мүшелерінң алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына тоқталды.

2023 жылда партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша ауданда 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Үшауысымды мектептердің мәселесін жою үшін 1500 орындықты мектеп ашылды. Тәртіп сақшыларына арналған тұрғын үймен біріктірілген полиция учаскесі 7 елдімекенде қолданысқа берілді. 148 бейне бақылау орнатылды. 6 ауылда фелдчерлік-амбулаториялық пункт ашылды.  97,3 км су құбыры жүргізіліп, 389,9 км автомобиль жолдарына күрделі жөңдеу жүргізілді. Жалпы, биылғы жылға жоспарланған 50 шараның 34 орындалды, яғни 68%.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауданда барлық ауылдық округтен 417 азамат қатысуда, оның 167 азаматың құжаттары мақұлданып, бүгінгі күнге  ауыл тұрғындарына 516 млн теңгеден аса сомада 79 шағын несие берілді.

«Жер аманаты» жобасы аясында ауданда  жыл басынан бері жалпы көлемі 44 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. деп атап өтті Багдат Рахимов.

Мұнан соң мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау жұмыстары барысында оң шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде жергілікті сайлаушылардан келіп түскен талап-тілектердің орындалуы жайында айтып берді.

Айта кетейік, алдағы уақытта фракция мүшелері ай сайын брифингке қатысып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, журналистердің сауалдарына жауап беретін болады.

Оқылды 1047 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет